"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНДА МҮГЕДЕКТЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Уақыты: 14.12.2021
Оқылды: 1025
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібінде қарт адамдарға мемлекеттен қолдау көрсетуге бағытталған шаралар мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 258 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеу бойынша атқарлып жатқан жұмыстар қаралды.

Роза Ақжаркенованың төрағалығымен өткен кеңес отырысында Алматы облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары атқарылып жатқан жұмыстар жайлы мәлемет берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"