ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕЛ-ЖҰРТҚА ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ

Уақыты: 01.03.2022
Оқылды: 1591
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясының атауын өзгертуі заман талабынан туындап отырған мәселе. Оған партия мүшесі ретінде қолдау көрсеттік. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс ХХІ съезде саяси ұйымның жаңа формацияға ауысатынын жеткізген болатын. Содан бері бір ай өтті. Осы уақыт ішінде көпшіліктің жаңаруды, жаңғыруды қалайтын жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттардан байқадық.

Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың ұғымында «Аманат» сөз үлкен мағынаға ие. Әлімсақтан келе жатқан елді, жерді, ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа бүтін жеткізудің жолы тек аманат арқылы жүзеге асады. Сол себепті, партияның жаңа атауында символикалық мағына жатыр дей аламыз. Сондықтан алдағы күндері атқарылатын жұмыстар жаңа серпінмен, тың қарқынмен жүзеге асырылады деп сенемін.

Оның үстіне партияның сайлауалды бағдарламасында межеленген міндеттерді адал атқару, құрғақ сөзден гөрі нақты іспен дәлелдеу көзделген. Сол арқылы халықпен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігі бүгінгі жиында ескерусіз қалмады. Партия фракциясының жанынан құрылған 14 республикалық кеңес жергілікті жұртшылық пен билік арасында алтын көпір қызметін атқаруы тиістігі міндеттелді. Мұның бәрі мерзімінде айтылған міндеттер деп білеміз. Сол үшін партия мүшелері бір кісідей жұмылып, елдің игілігіне қызмет етуге әрқашан дайын.

Алматы облысындағы ең іргелі аймақтың бірі саналатын Еңбекшіқазақ ауданында 9 мыңнан астам партия мүшесі бар. Солардың бәріне бүгінгі жиынның маңызын бүгін-ертең жеткізіп, жергілікті халықпен байланыс орнатуға кірісуіміз керек. Себебі, ашықтықты, жариялылықты негізге алатын «Жаңа Қазақстан» құрудың маңыздылығын елге түсіндіру аса қажет.

Халқымыз аманатқа қиянат жасаудан тыйғандығын ескерсек,енді азаматтардың әлеуметтік теңсіздігі жойылып, әділеттілік орнайтын кезең келгендігін байқау аса қиын емес.

Қуат БАЙҚОЖАЕВ,

Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Алматы облысы