САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІН ЖАҢА ФОРМАТТА ОҚЫТАДЫ

Уақыты: 03.03.2022
Оқылды: 1427
Бөлім: МІНБЕР

Партия Төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ алға қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрлар қажет.

Осылайша, ұйым жергілікті жерлерде партия қатарын нығайту жұмысына кіріседі. Ресми деректерге сүйенсек, «Nur Otan» партиясының негізін құрайтын 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымы (БПҰ) бар. Партия мүшелерінің біліктілігін арттыру, БПҰ жетекшілерінің рейтингін енгізу және партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы БПҰ-ны нығайту жоспарлануда.

Партия жанындағы Саяси менеджмент мектебі 3 мыңнан астам партия мүшесін саяси менеджмент пен коммуникацияның жаңа форматтары бойынша оқытатын болады. Жарнаның 20 пайызын қайтару туралы айтқанда, бұл қаржының партиялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын ерекше атап өткен жөн. Белгілі болғанындай, партиялық жобалар бірінші кезекте аға ұрпақты, жастарды және көмекке мұқтаж адамдарды қамтиды. БПҰ-ның жұмысы кеңейіп, тиімді құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ҚР Президенті «Жаңа Қазақстан« құру туралы жариялап, жұмыстың ендігі мақсат-міндетін белгілеп берді. Партия съезінде аталып өткендей, бұл партия жұмысына үлкен ықпал етеді. Соңғы кездері партияның төңірегінде әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер көп болды. Біреулер тіпті таратылуы туралы айтты. Бірақ жаңалықтардан байқағанымыздай, партия жұмылып өз жұмысын жалғастырады. Тағы бір айтатын мәселе, жаңа жобалар, ашық диалог алаңдары және қызмет көрсетуге бағытталған қоғамдық қабылдауларға көбірек мән берілетіні қуантты.

Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ,

Талдықорған қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Алматы облысы