БІЗ ҮШІН ЕЛІМІЗДІҢ АМАНДЫҒЫ МЕН ТҰТАСТЫҒЫНАН АСҚАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОҚ

Уақыты: 20.03.2022
Оқылды: 1602
Бөлім: МІНБЕР

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы саяси жаңғыруға, нақты жаңалықтарға толы болды. Әсіресе, қоғамды демократияландыру бағытында бірқатар маңызды бастамалар іске асатынын жариялады.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік-мықты парламенттік жүйемен жүру үшін кейбір өкілеттіліктерін беретін болды. Сондай-ақ, бұл Жолдаудың мән-мағынасы ерекше, мазмұны бөлек екендігін атап өтті.

Біз Парламентті, мәслихатты күшейту бойынша жасалатын өзгерістердің нәтижелі болып, демократияландыру бағытында игі істер атқарылатынына, елдің өзекті мәселесінің дер кезінде шешімін табатынына, жаңа Қазақстанды құруда халыққа тиімді заңдар қабылданатынына толық сенеміз. Жолдауда саяси партияларды тіркеудің жеңілдетілетіні, сайлаудың пропорционалды тәсілмен ғана емес, аралас сайлау жүйесі арқылы жүзеге асатыны, әрбір аймақтан мажоритарлы жүйе арқылы Парламенттің төменгі палатасына кемінде бір депутаттың сайлана алатыны айтылды.

Президенттің өз өкілеттілігі кезінде партия мүшелігін тоқтата тұратыны, облыс әкімі, олардың орынбасарларының партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салынатыны, саяси үстемдікке барынша шектеу қойылатындығы Жолдаудың негізгі арқауы болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп екендігін, сол себепті Алматы облысын екіге бөлуді ұсынатындығын жеткізді .Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасатынын атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», - деді. Біз үшін еліміздің амандығы мен тұтастығынан асқан құндылық жоқ. Жаңа Қазақстанды бірге құрып, Президентіміздің алға қойған мақсаттарын орындауда “AMANAT” партиясы мүшелері абыроймен жүйелі жұмыс атқаратын боламыз.

Гүлнар ТОЙЛЫБАЕВА,

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты