ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Уақыты: 04.07.2022
Оқылды: 1870
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мақпал Тәжмағамбетова мен Жанна Телпекбаева келді. Олар Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты.

Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты 2023 жылдың қаңтар айы деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2 100 876 теңге. Қазіргі таңда 50 пайызға аяқталған.

– Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылап отыр, –  деді мердігер Бекзат Молдабеков. Мектепті аралап көрген Мақпал Мазаққызы:

– Мердігерлер білім ордасын уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте құрылысы жоғары деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға сай болуын да бақылау қажет, – деп негізгі мәселелерге назар аударды.

Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалмақ. Мектепте оқу ка­бинеттерімен қатар, технологияларды өңдеу шеберха­насы, спортзалы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, меди­цина кабинеті болады.

Халық қалаулылары  қала әкімшілігіне  мемлекет қар­жысына салынып жатқан нысан­ның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және мамандар өтініш­іне құлақ түріп, білім саласын­дағы мәселелерді назарға алатындарын жеткізді. Білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"