КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Уақыты: 13.04.2018
Оқылды: 1246
Бөлім: МІНБЕР

«Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. 
Бақыт Салиев төрағалық еткен қоғамдық кеңес отырысына «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Ибраимова, облыстық әділет департаменті Текелі қалалық бөлімінің басшысы Тілек Арынханұлы, Текелі қалалық ауруханасы басшысының орынбасары Камила Жамалова және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Басқосудың күн тәртібінде облыстық әділет департаменті Текелі қалалық бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қаралды. Қала тұрғындарын кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек шеңберінде амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері, өткен жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Шора БАТЫРБАЕВ