ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ

Уақыты: 06.10.2024
Оқылды: 203
Бөлім: МІНБЕР

Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Ұрпағымыздың болашағы үшін батыл шешім қабылдайтын тұстамыз. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде жалпыхалықтық референдум өтіп, әрбір қазақстандықтың дауысы есептеледі.

Әр азамат өз елінің тағдыры үшін дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдімін.

Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде өз борышымды орындап, болашағым үшін дауыс бердім!

Ризван САКИОВА,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты