Спорт мектебімен танысты

Уақыты: 20.07.2018
Оқылды: 1241
Бөлім: МІНБЕР

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ пен Марат БОПАЗОВ Қапшағай қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі  жанындағы спорт алаңдарының жұмысымен танысып қайтты. 
Халық қалаулыларымен кездесуге  жас спортшылар, мекеме қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Депутаттар мектеп алаңының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ержан Нұрпейісовке бірқатар тапсырмалар берді.
– 2017 жылы мектеп жанындағы футбол және волейбол, баскетбол, воркаут, бокс алаңдары, душ және киім ауыстыратын арнайы бөлмелер салынып, қолданысқа берілді. Ролик тебетін алаң да бар. Стадионда 45 жеңіл автокөлікке тұрақ салынды. Биылғы жылы жаңа партиялық жоба аясында қосымша 14 млн. теңге қаражатқа жүгіру жолдары, баскетбол мен футбол алаңының қоршауларын жасау жоспарда тұр, – деді өз сөзінде  қала әкімінің орынбасары Ілияс Сүгіров. 
Әбдіманап Елікбайұлы журналистерге берген сұхбатында спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмысын назардан тыс қалдырмау мәселесін, бұдан бөлек ыстық тамақпен қамтылу, студент жастарға жатақхана мәселесінің шешілуі де халық қалаулыларының назарынан тыс қалмайтынын айтып өтті. 

Өз тілшіміз