Құрылыс нысандары назарда

Уақыты: 25.08.2018
Оқылды: 973
Бөлім: МІНБЕР

«Нұр Отан» партиясы Кеген аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Мұқаев жаңа қызметін құрылыс нысандарын аралаудан бастады.

Нақтырақ айтсақ, партиялық бақылау комиссиясымен бірлесе отырып тиісті мекемелермен жұмысшы тобын құрып, Алғабас ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Мәдениет үйіне және қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктіне, Ақсай ауылында жүргізіліп жатқан  ауызсу жүйесіне, Бөлексаз ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Бөлексаз  орта мектебіне және Қарқара елді мекенінде салынып жатқан фельдшерлік акушерлік пунктіне, Талды  ауылындағы тартылып жатқан су құбыры жүйесінің құрылысына, Ұзынбұлақ ауылындағы 225 балаға арналған Ы. Көшкінов атындағы орта мектебінің құрылысына және аудан орталығы Кеген ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысына ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты. 
Аталған нысандар бойынша тексеріс нәтижесінде кеткен кемшіліктерге ескерту жасалды. Сонымен қатар  құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жоспарға сай уақытылы аяқтау тапсырылды.

Өз тілшіміз