ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПАРТИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 02.11.2018
Оқылды: 1441
Бөлім: МІНБЕР

Талдықорғанда "Нұр Отан" партиясы Алматы облыстық филиалының XXIV есеп беру-сайлау конфренциясы өтті. Алқалы жиынға "Нұр Отан" партиясының хатшысы Фархад ҚУАНҒАНОВ, облыс әкімінің орынбасары Ақан ӘБДУӘЛИЕВ, облыстық мәслихат төрағасы Сұлтан ДҮЙСЕМБІНОВ, аудандық, қалалық партия филиалдарының төрағалары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, депутаттар қатысты.

Конференцияда облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев баяндама жасап, межеленген жобалар мен жоспарлардың орындалу көрсеткішін саралады. Оның айтуынша, облыс мектептерінде ашылған ІТ сыныптар оқушыларға Жава, Руби, арифметика негіздерін, комбинаторика, болжам теорияларын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептерде ашылып жатқан коворкинг орталықтары жұртшылықтың ағылшын тілін меңгеріп, білім деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл жобалар "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынып отыр. Жиыннан егжей-текжейлі мәліметтерді газетімізден оқи аласыздар.

Мәди АЛЖАНБАЙ