"НҰР ОТАН" СЪЕЗІНЕ ЕКІ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСАДЫ

Уақыты: 27.02.2019
Оқылды: 1271
Бөлім: МІНБЕР

Бүгін, 27 ақпан күні сағат 11:00-де Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай кезекті XVIII съезі басталады. Оған Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысады.

Съезде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланып, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Сонымен бірге, партияның саяси кеңесі жаңартылады деп күтілуде.

Дәл қазіргі уақытта еліміздің әр аймағынан келген делегаттар мен журналистер жиналуда.  Жалпы партия съезіне 2000 адам қатысады.

Олжас СӘНДІБЕК,

"Жетісу"

Астана