"NUR OTAN": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Уақыты: 05.03.2019
Оқылды: 1292
Бөлім: МІНБЕР

«Нұр Отан» партиясының филиалында салтанатты қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерге шолу жасап, партия мүшелерінің атқарған істерін бағалап, марапаттау.

Жиынның шымылдығы Оқушылар сарайының кішкентай бүлдіршіндерінен құралған қыздардың патриоттық әнімен ашылды. Жиында партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева сөз сөйледі. Ол жақында ғана өткен «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде облыстық филиалдан 93 партия мүшесі қатысқанын сөзіне тиек етіп, қозғалаған тақырыптар мен айқындалған мақсаттарды бірлесіп орындауға дайын екендігін жеткізді.

Шара барысында ұзақ жыл бойы адал еңбек атқарған партия ардагерлері мен белсенді мүшелері, атап айтқанда, партия ардагері Ғалия Темербаева, «Нұр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Валерий Ким, «Өнер» бастауыш партия ұйымының партиялық топ жетекшісі, Талдықорған қалалық «Нұр Отан» депутаттық фракциясының мүшесі Бақытай Түстікбаев, «Парасат» бастауыш партия ұйымының партиялық топ жетекшісі Сәуле Абыканова марапатталды. Одан бөлек, партия қатарына өтемін деп ниет білдірген жастарға салтанатты түрде билеттер табысталды.

«Жетісу» телеарнасының тілшісі, облыстық «Sunrise awards» облыстық байқауының жеңімпазы Азат Жұмаханов, Талдықорған медицина колледжінің студенті, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Елімай Саметай партия құрамына жаңадан қосылды.

Шара «Талдықорған әуендері» халықтық ансамбілі орындаушыларының әнімен жалғасын тапты.

Айсұлу ӘБІШЕВА

Талдықорған

Алматы облысы