"NUR OTAN": 104 ЖАСТАҒЫ АПА БАТА БЕРДІ

Уақыты: 15.03.2019
Оқылды: 1298
Бөлім: МІНБЕР

Жетісу аймағындағы «Nur Otan» партиясының филиалдарында «Наурыз челлендж» және «Жақсылық жаса» атты жоба аясында 100 жастан асқан абыз аналар мен ерекше күтім қажет ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларға сыйлық таратылды.

Ең алдымен партия белсенділері ерекше күтім қажет ететін бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, Талдықорған қаласының тұрғыны Майра Бақтыбаеваның шаңырағына келіп, сыйлықтар мен тәттілер ұсынды.

– Менің отбасым – қорғаным, өмірдегі бар қазынам. Қай ана болмасын, баласының жанын өзгелерден артық түсінетіні анық. Бізге осындай мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантып жатқан мейірімді адамдарға алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана.

Шара кезінде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев 104 жасқа толған Зылиха  апаның ақ батасын алды.

– Ел аналарына жасалған құрмет – болашақ ұрпаққа берген үлгі. Біз қашанда аналардың еңбегін бағалай білуіміз тиіс. Сіздерді құрмет тұтамыз, сондықтан ерекше көңіл-күй сыйлау перзенттік парызымыз деп білемін, – деді Ғалиасқар Төлендіұлы.

Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың жай-күйін анықтау, оларға қажетті жәрдем көрсетіп, қолғабыс етуді облыстағы белсенді жастар, "жасотандықтар" да қолға алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"