ЕЛБАСЫ: "Қ.ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСҚАРУҒА ЛАЙЫҚТЫ"

Уақыты: 23.04.2019
Оқылды: 1815
Бөлім: МІНБЕР

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздің сарайында "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезі басталды. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысуда. Партия съезіне еліміздің әр өңірлерінен келген 1500 делегат қатысып отыр.

Партияның XIX съезд барысында 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға партия атынан түсетін кандидаттың есімі жария етілді. Еске сала кетейік, "Nur Otan" партиясының XVIII съезі биыл 27 ақпан күні партияның 20 жылдына орай өткен болатын. Оның қорытындысы ретінде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған еді.

Жиында Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президентіне үміткер ретінде ұсынды. Елбасы Қ.Тоқаевты түрлі салада жұмыс атқарғанын, тәжрибесі мол екенін айтты.

- Ол маған сенімді серік болды. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп білемін. Ол менен бір мүшел жас кіші. "Nur Otan" партиясы атынан баршаңызды Қ. Тоқаевты қолдауға шақырамын, - деді Елбасы.

Олжас СӘНДІБЕК

Нұр-Сұлтан қаласы