ҰРАН ЕТЕР ҰЛЫ СӨЗ

Уақыты: 12.06.2019
Оқылды: 2129
Бөлім: МІНБЕР

«Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға», – деп Конституциямызда бедерленгендей,  барша отандастарымды жаңа Президенттің мемлекет тізгінін қолға алуымен құттықтаймын.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлем мойындаған саяси  тұлға. Егемен елдің дамуы жолында зор еңбек сіңіргені де жалпыхалыққа белгілі. Ішкі-сыртқы саяси мәселелердің шемшімін тауып, Отанымыздың әлем алдындағы абыройын асқақтауына да зор ықпал етті. Ендігі таңда Презитенттік міндетін өзі ант еткендей адал атқаратынына сенімдіміз.

Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы болашағымыздың нұрлы болуына арналған 10 бағытты атап өтті. Соның бірі – сыбайлас-жемқорлықты жою! Презитентіміз бұл тұрғыда: «Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел», – деді. Бұл бүгінгі таңда біз ұран етер ұлы сөз деп білемін. Отанамыздың гүлденуіне, халық тұрмысының түзелуіне, ұрпақтың жарқын елдің ашық аспанында алаңсыз өмір сүруіне тікелей жемқорлықсыз қоғам оң әсер етеді. Бұл тұрғыда өзіне берілген мәртебелі билікті адал атқарып, Отанымыздың гүлденуіне, әлем алдында абыройымыздың одан да асқақ болуына ант берген Презитентіміздің ел көшін дамудың дара жолына бастайтындығына кәміл сенем. Сонымен қатар, ертеңгі болашақтың баянды болуы үшін өскелең өскіндердің бойында ұлтжандылық дәнін егіп, мемлекеттің әрбір мәселесіне парасаттылықпен пайым жасай алар буынды қалыптастыру тұрғысында айтылған бағыты бізді жігерлендіреді.

Жас буын өкілі ретінде жастарға деген осынау сенім үддесінен әрбір өскелең ұрпақ шығуға тырысатынын және келешекте өзіне артылған жауапкершілікті адал атқаратындығын да айта кеткенді жөн санадық. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Мақсатымыз айқын, мүмкіндігіміз зор. Біз алдымыздағы барлық міндетті еңсереміз. Антқа адал, сертке берік болу - менің халық алдындағы парызым», – деп атап өткеніндей, барша қазақстандықтарды жарқын болашаққа бастар дара тұлғаның Президент болуымен, халық жеңісімен құттықтаймын!

Дәулет ХАЛЫҚҰЛЫ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың 2-курс студенті,

«Мизам» әдеби клубының мүшесі