АЛАКӨЛДІК ЖАС ЖІГІТ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 10.09.2019
Оқылды: 2274
Бөлім: МІНБЕР

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Көрсетсе екен әрбір адам қолдауын.
Елім аман, жұртым тыныш болсыншы,
Жат біреулер жасамасын қорлауын.

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Еңбегінің ел тілесін оңдауын.
Ана тілің асқақтайды, ағайын,
Сезінерсіз шын ғажаптың орнауын.

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Байқамаймын көңіліңнің толмауын.
Адал еңбек ертең сыйлар жемісін,
Жемқорлықтың үз ертерек торлауын.

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Көрсең еді көңіл гүлі солмауын.
Уа, ағайын, үзілместен ұлы көш,
Біз тілейік сәтсіздіктің болмауын.

Президенттің оқып шығып Жолдауын,
Әрбір адам жасап жатыр қолдауын.
Міне, осындай ұлылықпен тыныстап,
Жарқын күнге жетелеуде жолдарым.

Қадырсұлтан НҮСІПҚАН,

Алакөл аудандық "Jas Otan" жастар қанатының мүшесі