ПАРТИЯІШІЛІК ПРАЙМЕРИЗ: ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Уақыты: 25.06.2020
Оқылды: 1697
Бөлім: МІНБЕР

Алдымен праймеризді өткізудің басты мақсатына тоқталайық. Ол деген ҚР Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партия филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеуді көздейді.

Одан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін партиялық желі бойынша «әлеуметтік саты» жасау, жүйелі өңірлік партиялық саясатты қалыптастыру үшін өзекті әрі нақты жергілікті проблемаларды анықтауға арналған.

Праймериз бес негізгі кезеңнен тұрады: кандидаттарды ұсыну және тіркеу,  үгіт жұмысына даярлық, үгіт жұмысы, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау. Ұйымдастыру комитеттері праймеризді ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды ағымдағы шығыстар, партиялық мүшелік жарналар, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының  есебінен жүзеге асырады.

Үгіт жұмысы кандидаттардың дербес қаражаты есебінен жүргізіледі, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардан немесе шетелдік азаматтардан, мемлекеттік органдардан қаржыландыруға жол берілмейді. Кандидаттар ұйымдастыру комитеттерінің талаптары бойынша үгіт жұмысына жұмсалатын қаражаттың сомасы туралы ақпаратты ұсынады. Праймериздің өткізілуін бақылауды Партиялық бақылау комитеті, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары жүзеге асырады.

Үміткер қандай талапқа сай болуы керек?

«Nur Otan» партиясының мүшесі болуы қажет. Кандидат ұсынылған кезде партияның мүшесі болмауына жол беріледі, бірақ ол праймеризге қатысу үшін тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін партияға кіруі тиіс.

Партияның беделін түсіретін немесе партия мүдделеріне залал келтіретін әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін партия қатарынан шығарылған тұлға праймеризге жіберілмейді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына республика аумағында соңғы он жыл ішінде тұрақты тұрып жатқан және жасы жиырма беске толған ҚР азаматы, әр деңгейдегі мәслихат депутаттығына жасы жиырмаға толған ҚР азаматы үміткер бола алады.

Кандидат құжаттардың тізбесімен бірге сенім білдірілген адамдардың тізімін ұсынады, оған дауыс беру күніне дейін өзінің өзгерістер енгізу құқығы бар.

Үміткерлер праймеризге қатысу үшін қандай құжаттар тізбесін әзірлеуі қажет?

Қажетті құжаттардың тізбесі:
– осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш, онда мәслихат деңгейі немесе Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе құжаттар ақпараттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұсқаның сканерленген көшірмесі;
– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
– наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар;
– осы Ереженің №2 қосымшасына сәйкес міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш;
– бастауыш партия ұйымы (бастауыш партия ұйымынан ұсынылған кандидаттар үшін) жиналысының хаттамасы;
– партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда).

Дауыс беру тәртібі қандай? Кім дауыс беруге қатыса алады?

Дауыс беру сенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін өткізіледі. Ауысымды жұмыс кестесі бойынша ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін партия мүшелері дауыс беретін жекелеген учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-ге дейін өткізілуі мүмкін. Жекелеген адамдар денсаулығының жағдайы, отбасының науқас мүшесін күту себебі бойынша дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелік есеп комиссиясы дауыс беруге арналған тасымалданатын журналарды жеткізуді ұйымдастырады.

Өңірлік және аумақтық ұйымдастыру комитеттері орталықтандырылған есеп базасы негізінде өңірдегі барлық бастауыш партия ұйымдарындағы партия мүшелерінің тізімдерін анықтап, әзірлейді. Дауыс беруге тек партия мүшелері ғана қатыса алады. 

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары