БІЗДІҢ КОНСТИТУЦИЯ - ҚОҒАМ ТАЛАБЫНА САЙ МАҢЫЗЫ ЗОР ҚҰЖАТ

Уақыты: 30.08.2020
Оқылды: 1141
Бөлім: МІНБЕР

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата заңымызға 25 жыл толып отыр.

Ел тәуелсіздігінің кепілі - Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып отыр. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет, өркениетті қоғам құру жолында өз бағытын берік ұстанып келеді.

Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары