"25 ПАЙЫЗЫ ЖАСТАР": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПРАЙМЕРИЗ БОЙЫНША 1108 ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 30.08.2020
Оқылды: 1180
Бөлім: МІНБЕР

17 тамыздан бастау алған "Nur Otan" партиясы ішкіпартиялық іріктеу науқанына тіркеу жұмыстары 28 тамыз күні аяқталды.

Осы ретте, Алматы облысынан 1108 азаматтың өтініші тіркеліп, ендігі кезекте үміткерлер үлкен додаға қатыспақ.

Қатысуға ниет білдірген азаматтардың 36,4 пайызы әйелдер, оның ішінде, 25 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрап отыр. Сонымен қатар, үміткерлер қатарында көпбалалы аналар, қандастар, мүмкіндігі шектеулі жандар да өтінім білдірген.

Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне, сонымен қатар, облыстық, аудан-қалалық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынамақ. Ендігі кезек, үміткерлер үгіт-насихат жұмысы мен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікірсайысқа қатысады.

Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,8 үміткерден айналып отыр. Бұл үлкен бәсекелестікті тудыратыны анық.

Соңғы кезең 1-3 қазан күндері жетісулық 92 мыңнан астам нұротандық үміткерге өз дауыстарын primaries.kz веб-порталы, мобильді қосымша, дауыс беру учаскелерінде онлайн кабинка немесе бюлеттендер арқылы өз дауыстарын береді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"