АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ "ПРАЙМЕРИЗ" ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

Уақыты: 19.09.2020
Оқылды: 992
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ "Праймериз" жүйесінде тіркеуден өтті.

Баршаңызға белгілі, үстіміздегі жылдың 17 тамыз - 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі – праймериз өтуде. Осыған орай, Алматы облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталов праймеризге өңірімізден қатысып жатқан 1090 үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысу және дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде праймеризге қатысушылар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, пікір-сайыстарға қатысуда. Олардың қатарында мұғалім, дәрігер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер және әртүрлі сала белсенділері бар.

Партиялық праймеризге онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"