ПРАЙМЕРИЗ: ҮШ КҮННІҢ ІШІНДЕ 47 ПІКІРСАЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 19.09.2020
Оқылды: 1191
Бөлім: МІНБЕР

17 қыркүйектен Алматы облысында праймеризге қатысушы үміткерлердің пікірсайыстары өтуде.

Жеребе арқылы 178 топқа бөлінген үміткерлер 30 қыркүйекке дейін бақ сынасып, сайлауалды бағдарлама жобасын таныстыру, өңірдің өзекті мәселелері аясында маңызды тақырыптар қозғамақ.

Пікір-сайыстар "Фейсбук", "Инстаграм" әлеуметтік желісі, тікелей эфир, партия филиалдарының парақшалары арқылы өткізіліп, желі оқырмандарының көруіне мүмкіндіктер берілмек. Партия филиалдарының парақшаларында 95 мыңға жуық оқырман тіркелген.

Үш күннің өзінде 47 пікірсайыс өткізілді. Сонымен қатар, үміткерлердің 3 қазанға дейін үгіт-насихаттық кездесулерін өткізу жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, «Nur Otan» партиясы 17 тамыз – 3 қазан аралығында партияішілік іріктеу – праймериз өткізуде. Оған Алматы облысынан 1090 үміткер қатысуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"