ПРАЙМЕРИЗ: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ПІКІРСАЙЫСЫН ТЫҢДАДЫ

Уақыты: 23.09.2020
Оқылды: 1284
Бөлім: МІНБЕР

Талдықорған қаласында партияішілік іріктеуге қатысушы үміткерлердің кезекті пікірсайысы өтті. Саяси додада Алматы облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық БАТАЛОВ болып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын тыңдап, көтерген ұсыныс, мәселелеріне назар салды.

Мысалға, үміткер, "Жетісу" газетінің тілшісі Қажет Андас өз сайлауалды бағдарламасында экологиялық тәрбие, қоқысты сұрыптау мәселелерінің өзектілігін айтса, үміткер, мектеп директоры Жамал Нұрлыбаева білім ордаларының материалдық-техникалық базасын тілге тиек етіп, шешілу жолдары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Алматы облысының әкімі пікірсайысқа қатысқан 6 үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы бағыттар өте нақты жазылғандығын айтып, көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.

Жалпы, Алматы облысында бүгінгі таңда 1059 үміткер праймеризге қатысуда және үміткерлер 30 қазанға дейін пікірсайыстарға қатыспақ. Олар 178 топқа бөлінген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"