"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты: 24.09.2020
Оқылды: 1543
Бөлім: МІНБЕР

Құрметті Алматы облысының тұрғындары! 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.

Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің облысты өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салады. Біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз!

БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТ - ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫ БІРІКТІРЕДІ.

Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Ол үшін біз жүйелі партиялық қайта жүктеуді және партия ішіндегі ашық сайлауды – праймериз өткіземіз.

Партия барлығы үшін ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Біздің аймақты одан әрі дамыту жөніндегі Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

Біз біргеміз!

Жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар

Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық жағдайға жағымсыз әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.

Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді:

– мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42,5 мың теңгеден төленді (наурызда – 212,6 мың, сәуірде – 248,9 мың, мамырда – 204,1 мың, шілдеде-339,8 мың.);

-Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан 117 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтығына арналған төлем алды;

- 13,9 мың аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 1-6 жас аралығындағы 19 мың балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді.

60 мың адамның коммуналдық шығындары өтелді.

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 26,2 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді, 40,2 мың адам 50 000 теңгеден алды.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске дағдарыс жағдайында елеулі қолдау көрсетілді:

- Жалпы сомасы 9,7млрд теңге болатын 135 жоба Бизнестің жол картасы аясында субсидиялау және кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберіндегі жобаларға 109,2 млрд. теңге бөлінді, бұл 22,8 мың жаңажұмыс орнын құруға мүмкіндік береді;

- коммуналдық меншік 694 нысанына 3 айға жалдау ақысы алынып тасталды;

- ТЖ кезеңінде кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;

- зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілді;

- құрылыс секторында облигациялар шығару есебінен 116 үйдің құрылысына шамамен 10,4 млрд. теңге қарастырылды.

ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҒЫ

  1. Экономикалық тұрақты аймақ.
  2. Қолайлы аймақ.
  3. Әлеуметтік-бағдарланған аймақ.
  4. Жастарға арналған аймақ.
  5. Тарихы мен мәдениеті бай аймақ.
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
  7. Қауіпсіз аймақ.

«Nur Otan» партиясы облысты дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АЙМАҚ

«Nur Otan» партиясының бағдары экономиканың басым салаларын: өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамыту болып табылады.

Жалақысы лайықты жаңа жұмыс орындарын құрамыз

Алматы облысы транзиттік және туристік әлеуеті жоғары агро-индустриялық өңір болып табылады.

Covid-19 пандемиясы жағдайында өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың тұрақты жұмысының арқасында өңірде экономиканың шығындары мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығуына жол берілмеді.

Келешекте өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады.

Бұл 134 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (жыл сайын орта есеппен 26 мыңға жуық) және орташа жалақы мөлшерін 136 мыңнан 174 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:

  • Облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында(Ақсу, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары, Талдықорған, Қапшағай қалалары) 35 ілгері инвестициялық жобаныіске асыру, оның ішінде:
  • «Жетісу қой» ұсақ малды терең өңдейтін ет өңдеу зауытын салу;
  • Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 3,3 млн. тонна кен өндіретін «Жетісу вольфрамы» кенін қайта өңдеу зауытын салу;
  • «КС Инвест-групп» (Nemish Pharma) фармацевтикалық өнім шығару зауытын салу;
  • Ұйғыр ауданында қуаты 26 мың тонна болатын бройлер бағытындағы «Примма Құс» ЖШС құс фабрикасын салу;
  • Еңбекшіқазақ ауданында қарқынды бақ салу және «Phoenix Fruits» сақтау және қайта өңдеу цехтарын салу;
  • Іле ауданында «Береке» және Талғар ауданында «Қайрат» индустриялық аймақтарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  • жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығаратын жұмыс істеп тұрған 3 кәсіпорындыжаңғырту (Қарасай ауданындағы «Эфес КАЗАХСТАН» ЖК АҚ АФ және «Азия Агрофуд» АҚ, Іле ауданындағы соя өңдейтін «АгриТЕЧ» ЖШС);
  • жаңа өндірістерді (цемент, сорғы жабдығы, фармацевтикалық өнім, тез дайындалатын кеспе, құрама жем) құру есебінен экспорттық номенклатураныкеңейту;
  • «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына инвесторларды тарту (353,4 млрд. теңге сомаға іске асырылатын 61 жоба);
  • 100 мың адамға дейін тұратын, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған Нұркент қаласының құрылысы.

Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз

COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар: даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар ең көп зардап шекті.

Бұл ретте жұмыссыздық көрсеткіштері тұрақты болып қалуда (4,8%).

Облыста жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 4715 ашық бос жұмыс орны бар.

Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен 65 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, олардың үштен бірі (22,8 мың адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орналасады.

«Nur Otan» партиясы әркімнің өзі мен отбасы үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қол жеткізеді.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы:

  • облыста тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдайды.Бес жыл ішінде өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орны құрылады (жыл сайын өндірістерді ашу есебінен орта есеппен 26 мың жаңа жұмыс орны);
  • еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізеді.

Бұл тек өндірісте ғана емес, әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау) кадрлар тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты толықтыру мәселелері ерекше маңызды және өзекті болып отыр. Облыстың ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауашаларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

Бүгінгі таңда 78% немесе 1,6 млн адам ауылдық жерлерде тұрады.

Өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

«Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр.

Бұл үшін біз төмендегілерге қол жеткіземіз:

  • қосымша суармалы 62 мың га жерді іске қосу және 138 мың га суармалы жерді қалпына келтіру;
  • ылғал сақтау технологиясын қолдану алаңын 163,1 мың га дейін және тамшылатып суаруды - 13,8 мың га дейін кеңейту;
  • мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтерін енгізу (малды чиптеу, отын шығынын өлшеу датчиктерін енгізу, тұқымдар мен тыңайтқыштарды саралап енгізу және т. б.).
  • Алматы қаласы айналасында Азық-түлік белдеуін құру шеңберінде8,5 мың жұмыс орнын құрумен 16 жобаны іске асыру (6 мың тоннаға арналған 2 заманауи жеміс-көкөніс қоймасы, 35 га арналған 7 жылыжай, 2200 басқа арналған 2 СТФ, 2000 басқа арналған 2 бордақылау алаңы, «Жетісу қой» ет өңдеу кешені,  «Ранжис» және «Заозерный» 2 көтерме-тарату орталықтарын құру);
  • Облыстың ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 51 жоба, оның ішінде төмендегілерді салу іске асырылатын болады:
  • 20 мың ІҚМ басына арналған26бордақылау алаңы, 125 жұмыс орны(Қаратал, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқан – 3-тен, Балқаш, Ескелді және Қапшағай, Кеген және Талғар қалаларында - 1-ден);
  • 6,9 мың басқа арналған18 сүт-тауар фермасы, 40 жұмыс орны(Қарасай және Қапшағай қ., Ақсу, Кербұлақ – 2-ден, Панфилов, Сарқан, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары және Текелі қалаларында – 1-ден);
  • Жалпы қуаты 81 мың тонна құс етін құрайтын 3 құс фабрикасы, 1200 жұмыс орны (Ұйғыр ауданындағы «Прима құс» және «OTAN Green Food», Іле ауданындағы «Наурыз Агро»);
  • Алаңы 34 га 4 жылыжай, 57 жұмыс орны (Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында);
  • 890 га бақ, 80 жұмыс орны (Еңбекшіқазақ - 480 га, Ұйғыр - 400 га, Ескелді - 10 га);
  • табиғи жайылымдық жерлер мен шабындықтарды ұтымды пайдалану есебінен жемшөп базасын нығайту;
  • жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту;
  • «алқаптан сөреге дейін» жобасын іске асыру жолымен өндірілген өнімді кепілді өткізу және АӨК субъектілерімен форвардтық келісімшарттар жасасу.

Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 2 есеге 4 млн.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Туризмді дамытуды қолдаймыз

Туризм - COVID-19 пандемиясына байланысты өңір экономикасының ең көбірек зардап шеккен саласы. Сонымен қатар, басқа елдермен шекараны жабу ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді.

Пандемиядан шығу жағдайында ішкі туризм экономикалық локомотивтердің бірі бола алады.

Ең танымал туристік объектілер Шарын шатқалы, Көлсай және Қайыңды көлдері, Айғайқұм, Үлкен Алматы көлі, Таңбалы петроглифтері, Әулиеағаш, Жаркент мешіті болып табылады.

Туризмді дамыту әлеуетін пайдалана отырып, жыл сайын туристер ағынын 2-ден 3,5 млнадамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • Алматы тау кластерінің: Түрген шатқалындағы «Долина-3» тау шаңғысы курорттарының (инвестициялар – 80 млрд.теңге) және «Апорт Ақ-тас» көп бейінді тау шаңғысы кешенінің (30 млрд. теңге) жобаларын іске асыру жолымен барлық маусымдық туризмді дамыту;
  • Алакөл, Балқаш көлдерінің жағалауын және Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру арқылы жағажай және емдеу-сауықтыру туризмін дамыту.
  • демалыс аймақтары мен кәріз жүйелерін ескере отырып, Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту және салу, қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын және кешенді қоқыс өңдеу алаңын салу, Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу және Үшарал қаласының әуежайын қайта жаңарту жолымен Алакөл көлін одан әрі дамыту.
  • Панфилов және Ұйғыр аудандарының термальды су көздері базасында қолданыстағы объектілерді дамыту және жаңа объектілер ашу.
  • туризм саласында білікті кадрлар даярлау арқылы туристік қызметтердің сапасын арттыру;
  • 2021-2022 жылдары «Саты-Қайыңды» (12 км) автожолына күрделі жөндеу жүргізу, Балқаш көліне баратын жолды (110 км) 2025 жылға дейін қайта жаңарту.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсетейік

Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Облыста аталған бағытта оң серпін байқалады: 5 жылда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27% - ке артты, облыстың жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі 26,9% - тен 33,6% - ке дейін өсті.

Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша облыс кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдай жасау бойынша үздік өңірлер үштігіне енді.

Алайда, КОВИД-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті, олар өңір экономикасының 46% - ке жуығын құрайды.

Төтенше жағдай кезінде облыс аумағында 75 мыңға жуық адамы бар 32 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатты.

Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіріп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық арқылы жаңа субъектілер  құру үшін жағдай жасайтын болады.

«Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жылына кемінде 115 жобаны субсидиялау, 70 жобаға кепілдік беру және кемінде 80 грант ұсыну;
  • «Еңбек» бағдарламасы шеңберіндежыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микрокредит бөлу»;
  • Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру;

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 140 мың бірлікке дейін (2019 жылы – 122,4 мың бірлік), ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға дейін (2019 жылы – 258,8 мың адам) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2. ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

«Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі.

Облыста 732 ауыл бар, оның ішінде 151-і жоғары даму әлеуеті бар тірек ауылдар.

Жол сапасын жақсартамыз

Жол - әр өңірдің тіршілігінің негізгі күретамыры.

«Nur Otan» партиясының мақсаты - автомобиль жолдарының сапасын арттыру және 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 81% - тен 87% - ке дейін жеткізу.

Алдағы бес жылда автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін партия төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • жергілікті маңызы бар 188,7 км автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту);
  • 120,2 км жолды және 16 көпірді күрделі жөндеу;
  • барлық 17 аудан мен Қапшағай қаласында ұзындығы 1 480 км көшелерді орташа жөндеу;
  • Алматы-2 теміржол вокзалының іргелес аумағында автостанция салу;
  • қала маңындағы және магистральдық бағыттарды ұйымдастыру үшін автобустар сатып алу (2021 ж. - 100 бірлік, 2022 ж. - 100 бірлік, 2023 ж. - 100 бірлік, 2024 ж. - 100 бірлік, 2025 ж. - 100 бірлік.);
  • Алматы облысының елді мекендерінде аялдама кешендерін орнату және аялдамаларға жаяужолдар ұйымдастыру;
  • Талғар, Қаскелең, Есік, Қапшағай қалаларында және Ұзынағаш, Өтеген батыр, Жетіген кенттеріндегі бағыттарда автостанциялар салу (жүргізушілерге арналған көлік тұрағы мен қонақүй ұйымдастыра отырып);
  • облыстың барлық аудандары мен қалаларында автобус парктерін жыл сайын жаңарту;
  • «Ауыл - ел бесігі» жобасы шеңберінде38,8 км кентішілік жолдарды салу және қайта жаңарту (Іле ауданының Тілендиев ауылы және Талғар ауданының Нұра ауылы);4 тірек ауылдарда (Балқаш ауданының Балатопар ауылы, Талғар ауданының Туғанбай, Панфилов, Тұздыбастау ауылдары) және 11 серіктес ауылдарда (Талғар ауданы: Белбұлақ, Бірлік, Бесағаш, Гүлдала, Достық, Еркін, Қайнар, Сақтан, Еңбекші, Кеңдала, Нұра) 619 км жолды күрделі жөндеу;78 тірек және 106 серіктес ауылдарда (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Кеген, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қ., Талдықорған қ.) 1627 км жолды орташа жөндеу.

Нәтижесінде 118 ауылдық елді мекенде 472 мың адамды қамти отырып, автомобиль жолдарының сапасы жақсарады.

Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз етеміз

Қала халқының 97% - і және ауылдық елді мекендердің 90,7% - і орталық сумен қамтамасыз етілген.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс тұрғындарын, оның ішінде 679 ауылдың 1,5 млн. тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, облыста 1,1 млн.тұрғыны бар 144 елді мекен газдандырылды, газдандыру деңгейі 30%-ті құрайды.

Сумен және газбен жабдықтау мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • 7 ауылда сумен жабдықтау объектілерін салу (2021 ж. – 2, 2022 ж. - 5);
  • 76 ауылдасумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жөндеу (2021 жылы – 6, 2022 жылы - 15, 2023 жылы – 19, 2024 жылы - 16, 2025 жылы-16);
  • Текелі қаласы, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында 79 елді мекенді қамти отырып, газ тарату желілерін салу;
  • «Шелек-Кеген» магистральдық газ құбырын салу(23 ЕМ);
  • «Талдықорған-Үшарал» магистральды газ құбырын салу(74 ЕМ).

Нәтижесінде, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі қалаларда – 98%-ті(473,2 мың адам), ауылдарда – 92%-ті (1475,0 мың адам)құрайды. Газға 1,6 млн. тұрғын қол жеткізе алады, елді мекендерді газбен қамту деңгейі 54% - ке жетеді.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық желілерін жөндейміз

Облыс тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін «Nur Otan» партиясы халықты су бұрумен, жылумен жабдықтау және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешетін болады.

3566 көп қабатты тұрғын үйдің 1897-сі немесе 53,2%-і жөндеуді қажет етеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • 80 тұрғын үйді күрделі жөндеу (қалаларда - 40, аудандарда - 40);
  • 230 км су бұру желілерін қайта жаңарту (2021 жылы – 56 км, 2022 жылы – 24 км, 2023-2025 жылдары – 50 км-ден);
  • 22,3 км жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу және қайта жаңарту (Талдықорған қаласында – 1,8 км, Қапшағай қаласында – 7,6 км, Текелі қаласында – 25 км, Ақсу ауданында – 10 км);
  • 455,1 км электрмен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу және қайта жаңарту (Талдықорған қаласында – 105 км, Қапшағай қаласында – 8 км, Алакөл, Қарасай, Талғар аудандарында – 342,1 км);
  • Алакөл ауданы Алакөл көлі жағалауының тәулігіне 6,5 мың м3 кәріздік-тазарту құрылыстарын салу;
  • Алакөл ауданы Ақши ауылының кентішілік электрмен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту - 139,3 км.

Экологиялық жағдайды жақсартамыз

Экологиялық салауаттылық - жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Біз оларды халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға қол жеткіземіз.

Сонымен қатар, өңір тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі қажет және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.

Ол үшін алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • облыста қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесінің 18 объектісін салу (оның ішінде Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарында 2 қазіргі заманғы ҚТҚ полигоны, Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Кербұлақ, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында 8 сұрыптау желісі, Ескелді, Көксу, Сарқан, Талғар аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында 6 қоқыс тиеу желісі);
  • Іле ауданында 2 қоқыс өңдеу зауытының құрылысы (қуаты жылына 120 мың тонна «WasteEnergyKazakhstan» ЖШС Қазақстан-испан компаниясымен бірлесіп «Меролизис» технологиясы бойынша толық циклді зауыт; қуаты жылына 100 мың тонна «ZORBIOGAZ» ЖШС зауыты);
  • барлық ауылдарда қоқысты бөлек жинауға және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнату;
  • 14 қатты тұрмыстық қалдық полигонын экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкестендіру;
  • барлық рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды жою.

Өмір сүру жағдайын жақсартамыз

«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.

Облыста тұрғын үй алуға кезекте 50 664 адам тұр.

Облыста тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 19,1 шаршы метрге дейін жақсарды. «Nur Otan» партиясы бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 20,9 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

Ол үшін біз төмендегідей міндет қоямыз:

  • 5 жыл ішінде 5,4 млн шаршы метр тұрғын үй салу (оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 13,3 мың пәтерлік 1022 үй. 5309 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі);
  • 115,6 мың пәтерлік (4,3 млн шаршы метр) 2 мыңнан астам коммерциялық көп қабатты үйлерсалу, оның ішінде 4,7 мың пәтер (279,8 мың шаршы метр)«7-20-25» бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады (Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр, Көксу аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалалары);
  • 31,3 мың учаскені (2,6 мың км желі) инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

3. ӘЛЕУМЕТТІК-БАҒДАРЛАНҒАН АЙМАҚ

Азаматтардың әлеуметтік әл – ауқаты - бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы облыс тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш саламыз.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттырамыз

COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне елеулі сын-қатер болды. Бұл бағытта біз атқаратын жұмыстар жеткілікті.

Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Коронавирустық инфекциямен күресу кезінде жинаған тәжірибе жұмыста қолданылады.

Облыста 241 дәрігердің, оның ішінде тар шеңберлі мамандардың тапшылығы байқалады.

Бұдан басқа, 284 медициналық мекеме немесе 44%-і бейімделген және жалға алынған үй-жайларда орналасқан, 135-і күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық ұйымдардың тозуы орта есеппен 57%-ті құрайды.

«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматтың денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаға тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етуді қолдайды.

2025 жылға дейін емханалардың 20 минуттық, дәрігерлік амбулаториялардың 10 минуттық қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы төмендегілерді қамтамасыз етуді жоспарлайды:

  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен 100% - ға дейін қамтамасыз ету - 347 бірлік медициналық жабдық (стационарлық және жылжымалы флюорографтар, сараптамалық сыныпты УДЗ, цифрлық маммографтар, бейнеэндоскопиялық кешендер, бейнефиброскоптар, жылжымалы рентген аппараттары және басқалар) сатып алу;
  • облыстық онкологиялық диспансер және қалалық, аудандық ауруханалар базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен халықты қамту деңгейін ұлғайту (жыл сайын 250 мыңнан астам скрининг);
  • онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
  • облыстың барлық аудандары мен қалаларында КВИ-мен сырқаттану деңгейін төмендету және барлық науқастарды, әсіресе ауылдарда сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамту;
  • 47 объектінің құрылысы, оның ішінде:

2 ауылдық аурухана (Ақсу ауданы Қапал ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылы);

17 дәрігерлік амбулатория (Ақсу ауданының Сағабүйен ауылы, Арасан ауылы, Суықсай ауылы, Ақсу ауылы, Құрақсу ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Байсейіт ауылы, Бөлек ауылы, Қызылжар ауылы, Ават ауылы, Азат ауылы, Асы-Саға ауылы, Космос ауылы, Май ауылы, Жамбыл ауданының Ақтерек ауылы, Қарасай ауданының Іргелі ауылы, Кеген ауданының Ә. Нүсіпбеков ауылы, Көксу ауданының Мәмбет ауылы);

12 фельдшерлік-акушерлік пункт (Алакөл ауданының Қамысқала ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Ақтоған ауылы, Толқын ауылы, Көлді ауылы, Ескелді ауданының Өрқусақ ауылы, Іле ауданының Әли ауылы, Көсу ауданының Ақшатоған ауылы, Еңбекшіқазақ ауылы, Талапты ауылы, Кеген ауданының Қарқара ауылы, Райымбек ауданының Қаратоған ауылы, Талас ауылы);

13 медициналық пункт (Ақсу ауданының Тарас ауылы, Еңбек ауылы, Молалы ауылы, Ащыбұлақ ауылы, Егінсу ауылы, Баласаз ауылы, Алакөл ауданының Қайнар ауылы, Өрнек ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Күш ауылы, Жаңашаруа ауылы, Қаратал ауданының Жылыбұлақ ауылы, Райымбек ауданының Көмірші ауылы, Жаңатекес ауылы), Талдықорған қаласының облыстық кардиологиялық орталығына жапсаржай салу, Талдықорған қаласында 150 келушіге арналған емхана салу, перзентханаға жапсаржай салу, Талдықорған қаласында 150 келушіге арналған емхана, Іле ауданының ШЖҚ МКК жанында 125 төсектік перзентхана бөлімшесін салу;

  • 3 940 медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру, оның ішінде 1 440 дәрігер;
  • медициналық жоғары оқу орындарының 122 түлегін аса тапшы мамандықтар бойынша резидентурада оқыту;
  •  жыл сайын облыс әкімінің гранты бойынша 20 мектеп түлегін еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқыту.

Бұл шаралар жалпы өлім-жітімді 1000 адамға шаққанда 6,55-тен 6,40 жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Білім сапасын жақсартамыз

Білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету облысты одан әрі дамытудың маңызды шарты болып табылады.

КОВИД-19 пандемиясы білім беру тәсілін өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес шеңберінде мектептердің 416,8 мың оқушысы және ТжКБ жүйесінің 26,7 мың студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті.

Облыста 822 балабақша, 760 жалпы білім беретін мектеп, 76 колледж және 2 жоғары оқу орны – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, С.Демирель атындағы университет жұмыс істейді.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,4% - ті құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 81% - ке дейін ұлғайды.

2014 жылдан бастап жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған мектептердің үлесі 43,7% - тен 47,7% - ке дейін өсті.

Алайда, жоғары демографиялық белсенділік пен көші-қон ағымының салдарынан оқушылар контингенті жыл сайын 20 мың балаға ұлғаюда. Қазіргі уақытта облыста 38 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді.

146 мектеп немесе жалпы санының 19,2%-і бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр:

  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 85% - ға дейін ұлғайту;
  • жоғары және бірінші санаты бар педагог кадрлардың үлесін60% - ке дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту есебінен ұлғайту.
  • үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орындық 39 жаңа мектеп салу (Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан, Ташкенсаз ауылдарында 2 мектеп және Есік қаласында 2 мектеп, Жамбыл ауданы Қарғалы, Қайназар, Жаңақұрылыс, Ұзынағаш, Шолаққарғалы, Ынтымақ ауылдарында 6 мектеп, Жапек батыр, Жаңаталап, Қараой, Комсомол, Қосөзен, Қоянқұс, Өтеген батыр, Түймебаев ауылдарында 10 мектеп, Байсерке ауылында 2 мектеп және  Іле ауданының Боралдай ауылында 2 мектеп, Қарасай ауданының Алмалыбақ, Батан, Бұлақты, Долан, Жармұханбет, Іргелі, Қошмәмбет, Райымбек ауылдарында 10 мектеп, Талғар ауданының Бесағаш, Жалғамыс, Жаңалық, Кеңдала, Қызылту, Талдыбұлақ, Тұздыбастау ауылдарында 7 мектеп, Талғар қаласында 1 мектеп және Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында 1 мектеп);
  • 57 бейімделгенмектептің орнына5240орындық45 жаңа мектеп салу (Ақсу ауданының Көшкентал, Сағакүрес, Көлтабан ауылдарындағы 3 мектеп, Еңбекшіқазақ ауданының Алмалы, Базаркелді, Екпінді, Қазатком, Қайрат, Төле би, Өрнек ауылдарындағы 7 мектеп, Ескелді ауданының Ақтасты, Ақешкі, Жаңалық, Жастар, Теректі, Ескелді ауылдарындағы 5 мектеп, Жамбыл ауданының Көкқайнар, Қопа ауылдарындағы 2 мектеп, Қаратал ауданының Кіші төбе, Ортатөбе, Үшкөмей ауылдарындағы 4 мектеп, Кеген ауданының Ереуіл, Алғабас, Қарқара, Жайдақбұлақ, Көкпияз, Түменбай ауылдарындағы 6 мектеп, Кербұлақ ауданының Ақбастау, Қазынсу, Қамырсақ, Көксай, Көктал, Майтөбе, Шилі ауылдарындағы 7 мектеп, Көксу ауданының Бесқайнар, Қазақстан, Қаратал ауылдарындағы 3 мектеп, Панфилов ауданының Ақкент, Басқұншы, Бөрібай би, Дарбазақұм, Садыр, Сарпылдақ, Шежін ауылдарындағы 8 мектеп, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылындағы 1 мектеп).
  • 92 білім беру объектілерін күрделі жөндеу;
  • облыс мектептерін 50,5% - ке дейін химия, биология, жаңа буын физикасы пәндік кабинеттерімен және IT кабинеттерімен жарақтандыру;
  • оқушылар санының 20 мың балаға артуын және компьютерлердің тозуын ескере отырып, жыл сайын 5 мың компьютер сатып алу, нәтижесінде жүктеме 1 компьютерге 10-нан 8 оқушыға дейін төмендейді.
  • қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компьютерлік техникамен толық қамтуды қамтамасыз ету.
  • кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуальді оқыту қағидаттарын енгізу есебінен ТжКБ түлектерін 72% - ке дейін жұмысқа орналастыру.

Нәтижесінде ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі24% - тен 35% - ке дейін артады.

Тең мүмкіндіктер жасаймыз

Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісізорта жағдайлары жасалуда. 1771 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны немесе 83,6%-і паспортталды және ішінара бейімделді.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 8,3 есеге артты (8,2% - тен 67,9% - ке дейін), балаларды инклюзивті біліммен қамту 10 есеге артты (225-тен 2366-ға дейін немесе 10%).

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 420 объектілерін бейімдеу (көру, есту, ТҚА, арбамен жүретін мүгедектер);
  • мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, компенсаторлық құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталына толық көшу;
  • балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 15% - ке дейін ұлғайту.

Бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз

Алдағы бес жылда Партия өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға баса назар аударатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  •  еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды өткізу;
  • білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында дене шынықтыру жаттығуларын өткізу практикасын енгізу;
  • 42 спорт объектілерін салу, оның ішінде:
  • 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу (Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында, Іле ауданының Боралдай кентінде, Талғар ауданының Бесағаш ауылында, Тұздыбастау ауылында, Талғар қаласында, Сарқан ауданының Сарқан қаласында, Қапшағай қаласында);
  • 26 спорт кешенін салу (Ақсу ауданының Қапал ауылы, Алакөл ауданының Лепсі ауылы, Қабанбай ауылы, Көктұма ауылы, Балқаш ауданының Бақбақты ауылы, Еңбекшіқазақ ауданының Таскенсу ауылы, Жамбыл ауданының Жамбыл ауылы, Қазыбек би ауылы, Іле ауданының Өтеген батыр ауылы, Чапаев ауылы, М. Түймебаев, ҚазЦИК ауылы, Қарасай ауданының Іргелі ауылы, Абай ауылы, Көксай ауылы, Әйтей ауылы, Қырғауылды ауылы, Кербұлақ ауданының Қоғалы ауылы, Панфилов ауданының Көктал ауылы, Үшарал ауылы, Талғар ауданының Қызылқайрат ауылы, Панфилов ауылы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылы, Райымбек ауданының Текес ауылы, Ұйғыр ауданы Шарын ауылы және Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылы);
  • ангар үлгісіндегі 5 спорт кешені (Алакөл ауданы Бескөл ауылы, Панфилов ауданы Пенжім, Үлкен Шыған ауылы, Райымбек ауданы Қызылшекара, Ұйғыр ауданы Кішідихан ауылдары);
  • Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы бассейн;
  • Талдықорған қаласындағы 3 нысан: көгалдағы хоккейге арналған жабық спорт кешені; футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап спорт кешені; құзға өрмелеу және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені;

Бұл халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз еу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 55% -тен 65% - ке дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

4. ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚ

Жастар - ел болашағы. Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс.

Алматы облысында жастардың табысты әлеуметтенуі, жастардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырып келе жатқан21 жастар ресурстық орталығы (1 облыстық, 20 аудандық және қалалық) жұмыс істейді.

Жастар ресурстық орталықтарының жанында Волонтерлікті дамыту орталықтары жұмыс істейді.

Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға, білім беруге баса назар аударылатын болады.

Жастар жұмыссыздығын 3,0% - тен 2,5% - ке дейін төмендету міндеттері қойылды.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай Партияның міндеті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық және іскерлік тұрғыда өз бағытын табуы үшін жағдай жасау, қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады.

Бұл үшін біз төмендегілерге ықпал етеміз:

  • жыл сайын кемінде 2 мың жасты, оның ішінде 500 адамды «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде жұмыспен қамту;
  • жыл сайын кемінде 20 жастар көшбасшыларына облыс әкімінің «Көшбасшы» атаулы сыйлықтарын беру;
  • «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша жыл сайын 2 мың жасты және «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1,5 мың жасты оқыту;
  • 1 жоғары оқу орнына (Талдықорған қ. ЖМУ) және облыстың 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салу (Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік гуманитарлық-экономикалық, Қаратал ауданындағы Бастөбе сервистік-техникалық, Талғар политехникалық, Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, Талдықорған музыкалық, Талдықорған политехникалық, Талдықорған медициналық, Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжі);
  • студенттік жастардың «Менің Қазақстаным: студенттік көктем», «JETYSU ETNO STYLE», «JETYSU INTERNATIONAL BATTLE» облыстық фестивальдарын өткізу;
  • жыл сайынкемінде 15 000 адамдықамти отырып, қызықтыратын мәселелер бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша консультациялар, заңдық, психологиялық көмек көрсету);
  • 20 жобаны іске асыра отырып, волонтерлік қозғалыстарды дамыту.

5. ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ БАЙ АЙМАҚ

Халық бірлігі мен қоғамдық келісім - Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.

«Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды.

Бүгінде Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілдері тұрады, 71 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.

558 мәдениет және өнер ұйымдары халықтың бос уақытын ұйымдастыру және өткізу үшін, ең алдымен балалар мен жастар, зейнеткерлер көп келетін орынға айналды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру жұмыстарын жалғастырамыз.

Өңірде жыл сайын онлайн қарауды ескере отырып, 6 млн. адамды қамтумен 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:

  • Алматы облысының біртуар азаматтарының (І.Жансүгіров, М. Мақатаев, Ж. Жабаев, К. Тоқаев, М. Төлебаев, Ә. Қастеев, Т. Рысқұлов, Н.Тілендиев) мұрасын насихаттау;
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Алматы облысының көрнекті тумалары Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтің 85 жылдығына, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожинаның 85 жылдығына арналған және т. б. іс-шаралар өткізу;
  • 405 тарихи-мәдени мұра объектілерінде QR-кодтарды белгілеу;
  • «Тарихи Жол» жобасын іске асыру - бұл әлемдегі Қазақстан тарихының шынайы толықтырылған алғашқы жаңғыруы (қосымша Аудиогид, AR, VR 360, Offline режимі және Туристік гид технологияларын қамтиды. Бүгінгі күні жоба аясында 15 нысан жүктелді, тағы 10 нысанды цифрлау және жүктеу жоспарлануда);
  • 53 мәдениет үйінің құрылысы (Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Кеген, Қарасай, Қаратал, Көксу, Райымбек, Талғар аудандары, Қапшағай қаласы);
  • 29 мәдениет үйі мен клубтардыкүрделі жөндеу (Ақсу, Алакөл, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Ұйғыр аудандары);
  • қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру, облыстың киелі жерлерін абаттандыру жұмыстарын жүргізу (Алтынемел ұлттық паркі, Таңбалы тас, Әулиеағаш, Қарамерген, Ақтам, Үңгіртас, Орбұлақ);
  • Кеген ауданында киелі объектілердің инфрақұрылымын дамыту (ұзындығы 11 км «Қайыңды кіреберіс жолы» автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу).
  • «Көлсай көлдері», «Шарын», «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде туристік маршруттар бойында жұмсақ инфрақұрылымды дамыту (шағын сәулет нысандарын, көрсеткіштер мен конструкцияларды орнату). «Алтынемел» МҰТП-да геопарк пилоттық жобасының 4-ші кезеңін іске асыру.
  • мемлекеттік тілді дәріптеу, қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту.

6. АШЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАР

Облыста 170 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 141 қызмет немесе 82,9%-і автоматтандырылған.

Жер қатынастары және сәулет саласындағы 21 мемлекеттік қызметті, сондай-ақ білім мен спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталуда.

Алматы облысының табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін мүдделері ортақ бірлескен азаматтардың белсенділігі болып табылады.

Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.

Бұл үшін "Nur Otan" партиясы төмендегілерге жетуге ықпал ететін болады:

  • халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 90% - ке дейін арттыру%;
  • 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды 100% - ке дейін жеткізу%;
  • облыс әкімінің, жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен, оның ішінде өңірлерге шыға отырып, «Ашық есік күнін» өткізу практикасын жалғастыру;
  • облыстың барлық аудандары мен қалаларында«Ашық әкімдіктер» мен «Open space» ашу;
  • сауда және қызмет көрсету объектілерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу;
  • қоғамдық орындарда қоғамдық қол жеткізу пункттерін орналастыру.

7. ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ

Алматы облысы барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін өңірге айналуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы төмендегілерге қол жеткізетін болады:

  • Талдықорған қаласы мен 11 ауданда 800 бейнебақылау камераларын орнату;
  • қоғамдық көмекшілер санын 5 мыңға дейін ұлғайту;
  • жыл сайын 30 патрульдік автомашина сатып алу;
  • тұрғын үймен біріктірілген38 учаскелік полиция пункттерінің құрылысын аяқтау (22 - Еңбекшіқазақ ауданының Ават, Ақши, Қызылшарық, Бөлек, Жанашар, Қаражота, Қаракемер, Қорам, Қырбалтабай, Масақ, Нұра, Малыбай, Саймасай, Тескенсу, Балтабай, Маловодное, Қызылжар, Қаратұрық, Бәйтерек, Қайназар, Түрген, Шелек ауылдарында, 8 - Чапаев, Ақши, Байсерке, Жетіген, Қараой, ҚазЦИК, т. б. ауылдарында) Іле ауданының Өтеген батыр, Түймебаев және Талғар ауданының 8 - Бесқайнар, Нұра, Қызылқайрат, Белбұлақ, Бесағаш, Еркін, Гүлдала, Панфилов ауылдарында);
  • 71 өрт сөндіру бекетін құру:
  • 2021 жылы – 20 бірлік (Жамбыл – 5, Райымбек – 4, Еңбекшіқазақ, Алакөл – 2-ден, Ақсу, Қаратал, Кеген, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр-біреуден);
  • 2022 жылы – 20 бірлік (Кербұлақ – 5, Панфилов – 4, Ескелді – 3, Алакөл және Ұйғыр – 2-ден, Ақсу, Балқаш, Жамбыл, Көксу - біреуден);
  • 2023 жылы – 31 бірлік (Балқаш – 7, Алакөл – 5, Жамбыл – 4, Ақсу – 3, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Сарқан, Көксу – 2-ден, Ескелді, Кеген, Панфилов, Талғар - біреуден).
  • су тасқыны қаупі бар өзендердің ұзындығы 18 км арналарын салу және жөндеу, жағалауды бекіту, түбін тереңдету және кеңейту бойынша инженерлік-қорғау іс-шараларын жүргізу (Еңбекшіқазақ, Қаратал, Кеген, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар аудандарында және Текелі қаласында);
  • 2021-2022 жылдары - Балқаш ауданыныңорталық аудандық ауруханасын сейсмикалық күшейту.
  • Текелі қаласының аумағында 11 иесіз қорғасын шахтасын жою жөнінде іс-шаралар өткізу.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Біздің партия Алматы облысы халқының үміттеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады.

Біздің мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сапасын үнемі жақсарту.

Біз сіздерді облыстық мәслихат сайлауында дұрыс таңдау жасап «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз!

Біздің бағдарламамыз Алматы облысын кешенді дамытуға бағытталған. Біз өз аймағымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы және адамдарға жайлы өмір сүруге арналған аумағы бар қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз.

Біз өз ойларымызды алмасуға, сондай-ақ барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен біздің облыстың дамуы мен өркендеуі үшін кең ынтымақтастыққа дайын екенімізді және ашықтығымызды жариялаймыз.

«NurOtan» партиясы, елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың біртұтастығына, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына жұмыс істеуді жалғастырады.

Біз алдымызға сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз.

Біз бірге облыстың әрбір тұрғыны жайлы тұрмыс үшін, даму және өзін-өзі көрсете алу үшін бәрі де мүмкін болатын қолайлы қоғам құрамыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"