ПРАЙМЕРИЗ-2020: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КАНДИДАТТАРҒА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1802
Бөлім: МІНБЕР

Бүгін, 1 қазан сағат 00.00-ден бастап «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысатын кандидаттар үшін онлайн дауыс беру басталды. Онлайн дауыс беру мобильді қосымша, primaries.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Ал 3-ші қазан күні, сағ.08.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелеріне келіп, дауыс беруге мүмкіндік бар. Дауыс беру учаскелерде онлайн кабиналар және интернет байланысы төмен елді мекен тұрғындары үшін қағаз бюллетеньдер арқылы өткізілмек.

Праймериздің шешуші кезеңі болып табылатын үміткерлер үшін жетісулық 80 мыңнан астам партия мүшесі дауыс бермек. Ал жалпы Алматы облысында праймеризге 1047 үміткер қатысуда.

3 қазан күні таңғы сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дауыс беру учаскелерінде онлайн кабиналар және интернет байланысы төмен елді мекен тұрғындары қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс береді. Дауыс беру күні үміткерлердің байқаушылары қатысып, дауыс беру процесінің әділ, ашық өткізіліп жатқанын көруіне болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"