ПРАЙМЕРИЗ: ОНЛАЙН ДАУЫС БЕРУДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРҒА ШЫҚТЫ

Уақыты: 01.10.2020
Оқылды: 1330
Бөлім: МІНБЕР

Жер-жерде "Nur Otan" партиясындағы праймериз кандидаттарына дауыс беру жүріп жатыр.

Статистикалық мәліметке жүгінсек, республика бойынша 1 қазандағы ақпарға сай сағат 16:20-ға дейін дауыс бергендер жөнінен Алматы облысы көш бастап тұр.

Жетісу өңірінен 12863 «Nur Otan» партиясының мүшесі дауыс берген. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысы жайғасса, Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеген. Ел бойынша дауыс бергендердің саны - 28 533 адам.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жалпы 81840 партия мүшесі бар. Олар 1047 кандидатқа дауыс бермек. Дауыс беру 1-3 қазан аралығын қамтиды және онлайн режимде жүргізіледі. Онлайн дауыс беруге мүмкіндігі жоқ партия мүшелері 3 қазанда сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін дәстүрлі дауыс беруге қатыса алады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"