ПАРТИЯ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ЖОЛ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАЙЫ ҚОЗҒАЛДЫ

Уақыты: 25.10.2020
Оқылды: 960
Бөлім: МІНБЕР

Қоғам болғасын түрлі мәселе болады. Ал ол мәселенің шешілуі кейде құзырлы органдардың араласуын қажет етеді.

Әдетте, «Nur Otan» партиясы қоғам мүшелерін толғандырған мәселелерді шешуге атсалысып қана қоймай, көпшілікті толғандырған дүниелердің алдын алуға да сеп болады.

«Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мәлік Бейсенов өңір тұрғындарын толғандырған жекелеген мәселелер бойынша онлайн кездесу өткізді.

Бейнебайланыста өткен кездесуде тұрғындар тұрмыстық мәселелермен қатар әлеуметтік-қоғамдық түйткілді проблемаларды да қозғады. Ауыл тұрғындары қатынас құралы саналатын жол мәселесі мен жұмыссыздық жайын да қамтыды.

Кездесу барысында біршама мәселенің түйіні тарқады. Көксу аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Мәлік Бейсенов тұрғындардың жолдаған сауалдарына тұщымды жауап беріп, түйіні тарқамаған мәселелерді назарда ұстайтынын жеткізді. Бастысы, ешқандай сауал мен өтініш қараусыз қалмады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"