"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Уақыты: 31.10.2020
Оқылды: 1429
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалында ZOOM платформасы арқылы партия сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша өңірлік партиялық кураторлар комиссиясының отырысы өткізілді.

Отырыста партиялық куратор Р.Салықова, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде өнеркәсіптік өндіріс пен өнімдер көлемінің ұлғаюы, «Даму» қорының қызметі мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралып, жауапты мекеме басшылары партиялықтарға есеп берді.

Баяндамашылардың есептері бойынша комиссия мүшелері сұрақ-жауап алмасып, шара соңында жиында айтылған мәселелерді негізге ала отырып, мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"