АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Уақыты: 03.11.2020
Оқылды: 1068
Бөлім: МІНБЕР

Алматы облысының барлық аудан-қалаларындағы "Nur Otan" партиясы филиалдарында онлайн форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастауыш партия ұйымы төрағаларымен кездесу өтті.

Онлайн шарада бастауыш ұйымдарда партияның 2015-2025 жылдарға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы және алдағы мақсат-міндеттері тақырыбы талқыланды. Кездесуде қоғамдық кеңес мүшелері партиялықтармен бұл құжаттың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, бастауыш ұйым төрағаларына қажетті әдістемелік нұсқаулықтар көрсетіліп, осы бағыттағы жұмыс жоспарларын іске асыру барысы қаралды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"