АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Уақыты: 08.11.2020
Оқылды: 1047
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының қаулысына сәйкес, облыстық-аумақтық конференцияларға делегаттарды сайлау үшін бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті.

Жалпы, өңірімзде 82 мыңнан астам партия мүшесі тіркелген 316 бастауыш партия ұйымы бар. Олар 7-8 қараша күндері жиналыстар өткізіп, аумақтық конференцияға делегаттарды анықтады.

Іс-шараның жалғасында аудан-қалалық конференциялар ұйымдастырылып, партиялық тізімді бекіту, облыстық конференцияға делегаттарды сайлау және басқа да сұрақтар қаралды. Ал, облыстық конференция ағымдағы жылдың 16 қараша күні өткізілмек.

Конференциялар барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және Алматы облысынан Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар айқындалатын болады.

Пандемияны ескере отырып, партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында облыстық және аумақтық конференцияның онлайн көрсетілімі өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"