АМАНДЫҚ БАТАЛОВ САЯСИ БЮРОНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Уақыты: 14.11.2020
Оқылды: 1025
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында Саяси кеңес Бюросының кезектен тыс отырысы өтті. Партия филиалының төрағасы Амандық БАТАЛОВ жиынды ашып, күн тәртібінде көтерілетін мәселелермен таныстырды.

- Бірінші, партияның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясын шақыру және күн тәртібін қалыптастыру, екінші, Мәжілістің партиялық тізіміне қосылу үшін пікірсайысқа қатысатын үміткерлердің тізімін бекіту, үшінші, партияның кезектен тыс XX съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттардың тізімін облыстық конференцияның қарауына енгізу мәселелері қаралады, - деген аймақ басшысы жиында көтерілетін мәселелерді бюро мүшелерінің дауысына салды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XXVII конференциясының мерзімі 16 қараша өтеді. Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығының партиялық тізіміне үміткерлерді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев таныстырды. Олардың саны - 27. Қатарында өңірге қарасты барлық аудандар мен Қапшағай, Текелі қалаларынан бір-бір кандидаттан, ал Талдықорғаннан 8 азамат бар. Олардың ішінде 30 пайызы әйелдер. Ал 26 пайызын жастар құрап отыр. Сонымен қоса, саяси бюрода «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттардың тізімі конференция қарауына ұсынылды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы