ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ӨҢІРДЕГІ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРДЫҢ ЖАЙЫН БІЛДІ

Уақыты: 02.12.2020
Оқылды: 2038
Бөлім: МІНБЕР

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті.

Халық қалаулысы әуелі бірнеше баланы дүниеге әкеліп, оларды асырап қана қоймай, саналы тәрбие беріп, отбасының ұйытқысы болып отырған алтын құрсақты аналардың жағдайын білді. Елдегі пандемиялық ахуал кезінде көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың қашықтықтан оқуға жағдай жасайтын жабдықтармен қамтылуын бажайлады.

Мұнан соң аудандық мәслихат депутаты көпбалалы аналарға карантин жағдайында сақтық шараларын сақтауды еске салып, олар жолдаған сауалдарға жауап берді. Мұнан өзге алтын құрсақты аналарға ҚР заңдары аясында берілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер бойынша кеңес берді. Үйде отырып, мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар екені сөз болды. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселесі де тілге тиек етілді. Бұл мәселе аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы шешілетінін жеткізді.

– Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесі мен оның күтіміне ерекше көңіл бөліп, асқан жауапкершілікпен қараған. Сол дәстүріміз жалғасын тауып, осындай аналарымыз бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отыр. Аналар бала тәрбиесімен ғана емес, тұтас ұрпақ, ұлт тәрбиесімен айналысуда десек, артық айтпаған болар едік, – деді Қайнар Жұмағожа.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"