ПАРТИЯЛАСТАР ЕЛБАСЫ МЕН ЕЛОРДАҒА АРНАП ЧЕЛЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Уақыты: 05.12.2020
Оқылды: 1070
Бөлім: МІНБЕР

"Nur Otan" партиясының Алматы облысындағы мүшелері челлендж өткізді. Бұл туралы партияның облыстағы баспасөз қызметі хабарлады.

«Елорда - елдің бірлігі, Елбасы ерлігі» тақырыбында бастау алған челленджді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев бастап, әлеуметтік желіде партияластарға жолдады. Осының аясында аудан-қалаларымыздағы партия ардагерлерімен белсенділері, бастауыш партия ұйым төрағалары, партия филиалының басшылары, жасотандықтар қолдап, өз ойларын желіде білдірді.

- 1997 жылы еліміздің астанасына айналған Нұр-Сұлтан қаласы  көз ілеспес жылдамдықпен салынып, әлемнің озық шаһарларымен иық тіресетін деңгейге жетті. Тәуелсіздікке қол жеткізген қым-қуыт, қиын кезеңде нар тәуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру ерлікке пара-пар қадам еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әр нысанның жобасы заман ағымына лайықталып жоспарланды. Бүгінде Нұр-Сұлтан жастар қаласына айналып үлгерді. Елдің түкпір-түкпірінен арман қуып келген, талантты, жігерлі әрі жалынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Сол арқылы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы атанып, инновациялық орталығы ретінде бой түзеп келеді. Мәңгілік Елдің астанасында шаһар шырайын кіргізетін нысандар әлі де салынып, әлем бойынша ең жас, еңселі әрі көрікті қаланың көшін бастай бермек. Елордамыз жайлы өз ойыммен бөлісе келе, "Елорда - елдің бірлігі, Елбасы ерлігі" атты челленджін өңіріміздегі партияластарға жолдаймын, - деп атап өтті Жанболат Әкебайұлы.

Шара барлық аудан-қалаларды қамтып, танымал «Facebook», «Instagram» желілері арқылы жарияланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"