АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОНЛАЙН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Уақыты: 22.12.2020
Оқылды: 954
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Гүлнәр Тойлыбаева Қарасай ауданы ауылшаруашылық саласының өкілдерімен онлайн форматында кездесу өткізді.

Гүлнәр Қожағұлқызы ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелердің бірқатарын тілге тиек етті. Атап айтсақ, жайылым мәселесі, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, өнім өндіруде жаңа технологияларды енгізу, шығынды азайтып, өнімді мол алатын суғару тәсілдері мен асыл тұқымдарды малды өсіруді шаруа қожалық иелеріне кеңінен түсіндіру тақырыптары қозғалды.

Гүлнәр Тойлыбаева осы мәселелерді қолға алу арқылы алдағы 5 жылда мол жетістіктерге жетуге болатынын айтты. Партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мал бордақылау орындары, ауылшарушылығының өнімдері, әсіресе, азық-түлік бағасына қатысты нақты іс-шараларға тоқталды.

Атап айтсақ, ауылшаруашылық саласында партияның облыстық сайлауалды бағдарламасында қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосу және 67,0 мың га суармалы жерді қалпына келтіру, ылғал үнемдеу технологияларын қолдану алаңын 163,1 мың га дейін, тамшылатып суаруды 13,8 мың га дейін кеңейту, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың заманауи инфрақұрылымын дамыту, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтерін енгізу сынды маңызды бағыттар қаралғанын жеткізді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)