КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ - ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Уақыты: 23.12.2020
Оқылды: 883
Бөлім: МІНБЕР

Кәсіпкерлік – экономикалық дамудың негізі бөлігі. Бизнесті қолдау арқылы тұрақты экономиканың қалыптасуына жол ашылады. Осы орайда кәсібін дөңгелетіп жүрген талғарлық азаматтармен «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткер Сұңғат Тілеуханов онлайн кездесу өткізді.

Кездесу аясында үміткер Сұңғат Кәдірбекұлы кәсіпкерлікте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие алу тетіктерін, оның ішінде, жылына кемінде 115 жобаны субсидиялау, 70 жобаға кепілдік беру және кемінде 40 грант ұсыну туралы бастамаларды сөз етті. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 1200 мемлекеттік грант, 1100 микрокредит бөлу, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 25 басым жобаны қаржыландыру туралы айтып берді. Сонымен бірге, 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 140 мың бірлікке дейін, ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 300 мың адамға дейін ұлғайту мәселелері «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында жоспарланғанын әңгімеледі.

Әрмен қарай қатысушылар үміткерге сұрақ қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Сұңғат Тілеуханов кәсіпкерлерге 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Талғар ауданы

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)