АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ЕСІКТЕН - ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Уақыты: 23.12.2020
Оқылды: 984
Бөлім: МІНБЕР

“Nur Otan” партиясынан Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бағдәулет Үстенов Қапшағай қаласының тұрғындарымен кездесіп, "Есіктен - есікке" акциясын жандандырды.

Үміткер кездесу аясында көпқабатты үйлердегі тұрғындармен жеке секторда тұратын қапшағайлықтарға партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, 7 негізгі басымдықты атап өтті. Қапшағайлықтар үміткерге түрлі сауалдарын жолдады. Қажетті сұрақтарына жауабын алып, алғыстарын да білдірді.

Акция қала ішінде ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де жалғасып, белсенділер көмегімен үгіт-насихат парақшалары таратылды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)