ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ АҚСУ АУДАНЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Уақыты: 25.12.2020
Оқылды: 1046
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Берік Тынышбаев пен Данияр Ахмолдаев ақсақалдармен кездесті.

Үміткерлер Ақсу ауданының Құрметті азаматтары Нұрбек Қасымбеков, Болат Иманқұлов және Амантай Айтпаевқа партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ел ішіндегі саяси оқиғалар, партияішілік праймериз, іріктелген кандидаттар жайлы ақпаратпен бөлісті.

- «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағадарламасында көрсетілгендей, ауданның экологиялық жағдайы жақсарады. Алдағы бес жылда қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесіне сәйкес сұрыптау желісі салынады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, ілгері инвестициялық жобалар іске асады, – деген Берік Тынышбайұлы ауылшаруашылығына да үлкен қолдау көрсетіліп, суармалы жерлердің ұлғаятынын айтты.

Шара соңында үміткерлер аталардың ақ батасын алып қайтты. 10 қаңтар өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)