"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША САЛУ ІСІН ТОҚТАТПАЙДЫ

Уақыты: 26.12.2020
Оқылды: 1160
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қуат Баймырзаев әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізіп, сайлаушылармен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Желі оқырмандарының мазалаған сұрағы аз емес, соның бірі – білім саласындағы жаңа нысандардың бой көтеруі жайында болды. Қуат Маратұлы бұл мәселені шешу аясында «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда жаңа мектеп пен балабақша салу көзделгенін атап өтіп:

- Үш ауысымды оқытуды жою үшін 24 680 орынды 39 жаңа мектеп салу жоспарланған. Бұдан бөлек, 57 бейімделген мектептің орнына 5240 орынды 45 жаңа мектеп салу, 92 білім беру объектілерін күрделі жөндеуден өткізу секілді бастамаларды қолға алынды. Нәтижесінде, ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 24 пайыздан 35 пайызға дейін артады, – деді.

Оқырмандардан түскен сауалдарға толық жауап берген үміткер Жетісу өлкесі халық көп шоғырланған облыстың бірі, сондықтан жаңа білім нысандарының салынуы уақыт күттірмейтін мәселе екенін айтты.

Қуат Маратұлы эфир соңында оқырмандарды 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді)