ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА БИЗНЕСКЕ ЖЫЛЫНА 60 ГРАНТ БӨЛУ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Уақыты: 28.12.2020
Оқылды: 1095
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Жазықпаева кәсіподақ өкілдерімен «ZOOM» бағдарламасы арқылы кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның Алматы облысы және Қарасай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Үміткер Жанна Тастемірқызы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауларды айта келе:

- Қарасай ауданында жыл сайын жаңа бизнес идеяларды іске асыруға кемінде 60 грант бөлу, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 60 қатысушыға шағын кредит беру қарастырылған. 2025 жылға дейін жыл сайын «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жобаны іске асыру көзделген. Бес жылдық сайлауалды бағдарламада шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 17,5 мың бірлікке дейін көбейтіп, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 70 мың адамға дейін ұлғайту жоспарда бар, – деді.

Жанна Жазықпаева кездесу соңында қатысушыларды алдағы маңызды саяси науқанға белсенді атсалысуға үндеп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді)