ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНДЕ АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 65 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Уақыты: 04.01.2021
Оқылды: 1339
Бөлім: МІНБЕР

Жетісу жерінде 105-тен астам ұлт өкілі тұрады және 71 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Одан бөлек, мәдениет пен өнердің 558 ұйымы тіркелген.

Осындай ауқымды саланың жұмысын саралау үшін және «Nur Otan» партиясының мәдениет саласында атқаратын шаруаларын таразылау мақсатында Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сайдулла Сәрсеков мәдениет саласының қызметкерлерімен онлайн жүйеде жүздесті.

– Партия жоспарына сәйкес өңірде жыл сайын 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Бұл ретте 6 миллион адамды қамту мақсат етілген. Одан бөлек, алдағы бес жылда 405 тарихи-мәдени мұра нысандарына QR-кодты белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Тарихи Жол» жобасы іске асырылмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ, – деген Сайдулла Камалұлы партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда Жетісу өңірінде 65 Мәдениет үйінің құрылысы басталатынын айтты. Сонымен қатар, 49 Мәдениет үйі мен клубтың күрделі жөндеуден өткізілетінін хабарлады.

Эфирге қатысушылар «Nur Otan» партиясының барлық бастамалары көңілге қонымды әрі ел ертеңі үшін үлкен маңызға ие екендігін айтты. Сондай-ақ, үміткерге сәттілік тілеп, 10 қаңтар күні сайлауға барып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)