Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ БАЗАРДА ОТЫРҒАНДАРДЫҢ ЖАЙЫН БІЛДІ

Уақыты: 31.12.2020
Оқылды: 755

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова Жамбыл ауданындағы «Абай-Жапар» базарында саудагерлермен жүздесіп, базарға келушілердің де талап-тілегін тыңдады.

Үміткер сауда үйіне келушілер мен базардан нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алда атқарар шаруаларын да жіпке тізгендей түсіндіріп өтті.

– Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және игі бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақты істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз партияластарымызбен бірге жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасына негіз етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар маңызды жоспарлар кіргізілді, – деді Әлия Әбсеметова.

Алдағы жылдары жол, мектеп, балабақша салынып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартар жобалар жасалатынын айтқан үміткер сөз соңында кездесуге қатысушыларды жаңашылдық пен қарқынды дамуды таңдаған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді. Тапсырыс беруші:  Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)