ПАРТИЯ ҮМІТКЕРІ ЖАҢАДАН САЛЫНАТЫН ЗАУЫТТАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Уақыты: 01.01.2021
Оқылды: 1128
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сұлтан Нұрдәулетов «ZOOM» бағдарламасы арқылы Талғар ауданының ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Сұлтан Нұрғайыпұлы партияның Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларды баяндады. Сайлауалды бағдарламада аудан дамуының негізгі 7 басым бағыты айқындалған. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер басшылыққа алынып, алдағы бесжылдық жоспар жобаланған.

Лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтқан үміткер:

- 2022 жылы 2 зауыт салынады. Олар: металл конструкцияларынан бұйымдар өндіретін және шатыр және сайдинг панельдерін дайындайтын зауыт. 2023 жылы болса, көбіктенген пенополистиролдан бұйымдар өндіру, мұздануға қарсы сұйықтық өндіру, құю бұйымдарға арналған 3 зауыттың құрылысы басталады. Ал 2024 жылы бетон және темір бетон бұйымдарын өндіру бойынша 2 зауыт тұрғызылады. 2025 жылы өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру зауытын салу жоспарланған, – деді.

Сұлтан Нұрдаулетов ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдау қолға алынғанын, бес жыл ішінде өңірде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті. Сол арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізілетінін айтты.

Онлайн форматта өткен кездесуде үміткер қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сондай-ақ, ардагерлерді сайлауға белсенді қатысуға шақырып, өз таңдауларын жасауға үндеді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді)