"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА АУЫС-ТҮЙІС БОЛДЫ

Уақыты: 15.01.2021
Оқылды: 1676
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша, партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Гүлнәр Тойлыбаева партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Ғаббасұлы Гүлнәр Қожағұлқызын жаңа қызметке тағайындылуымен арнайы келіп құттықтап, сәттілік тіледі.

Гүлнәр Тойлыбаева бұған дейін 2016 жылдан бері аталған саяси ұйымның төраға орынбасары лауазымын атқарған. Партия қызметіндегі жұмыс өтілі жалпы - 13 жыл. Еңбек жолын 1989 жылы Қарабұлақ кентіндегі мектепте ұстаздық қызметтен бастаған. Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін де атқарған. 2007 жылдан «Nur Otan» партиясында саяси жұмыс, ұйымдастыру-бақылау бөлімдеріне жетекшілік етті.

Бұған дейінгі партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев облыстық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне 15 қаңтар күні облыстық мәслихат сессиясында сайланды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"