Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды акция басталды

Уақыты: 12.05.2023
Оқылды: 1828
Бөлім: АНТИКОР

Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Энерготрейд»-тің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды акция басталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Аталған шара бойынша тұрғындарды сауаттандыру және жемқорлыққа қарсы күреске тарту мақсатында электр желісінің түбертектеріне ескертпе хабарлама жазып таратылды.

Ай сайын таратылатын коммуналдық түбіртектеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефондары жазылған. Бүгінде Өтенай ауылдық округінің 1500 абоненті қажетті ақпарат алды. Бұл акция алдағы уақытта облыс көлемінде жалғасатын болады. 

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізу мақсатында ауқымды акция іске қосылды. Оның мақсаты – облыс азаматтарына сыбайлас жемқорлық істеріне тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндіру. Абоненттердің коммуналдық түбіртектерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алгоритмі бар ақпарат сыртқы жағында орналастырылған», –  дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова.

Талдықорған қаласы бойынша қолға алынған бастама алдағы уақытта барша облыс көлемінде де жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Сурет ғаламтордан алынды