КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ 735 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 23.02.2021
Оқылды: 921
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полицейлер қандай шаралар қолдануда? Бұл сауалға Алматы облысының полиция департаменті жауап береді.

Қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі, өкінішке қарай, қазіргі күнде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың жиі кездесуі.

- Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тарапынан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына 26 іс жолданып, оның ішінде: ата-аналық құқығынан шектеу бойынша – 5, ата-анаға қатысты, із-түссіз кету дерегі бойынша – 3, кәмелетке толмағандарға қатысты, ата-аналық міндеттерін оқыту мен тәрбиесі бойынша сәтсіз отбасы есебінде тұратын – 6 ата-анаға қатысты іс жолданып, аталған комиссия отырысында қаралды. 2020 жылдың басынан АПБ ЮПТ-ның есебіне жеке-профилактикалық және профилактилалық есеп санаттары бойынша 52 кәмелетке толмаған, 125 сәтсіз отбасы есепте тұр, - деді Еңбекшіқазақ АПБ бастығы полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Аудан аумағында кәмелетке толмағандардың жалпы саны – 67 352, оның 49786 мектеп жасындағылар. Ал аудан аумағында жалпыға орта білім беру ұйымдары - 87 мектеп және 8 арнайы-орта білім беру ұйымдары, 2 – аз қамтылған отбасыларға арналған мектеп-интернаты жұмыс істеуде. Аталған білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында 521 дәріс пен әңгімелесулер жүргізілген. «Осы мақсатта, аудан аумағында жыл басынан бері облыстық дәрежедегі жедел алдын-алу іс-шаралары өткізілді. Іс-шара жүргізу барысында АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторлары тарапынан 735 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Алдағы уақытта да аудан аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторларымен белсенді түрде жүргізілетін болады», - деп түйіндеді Еңбекшіқазақ АПБ бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан