АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІНЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АЛҒЫС АЙТТЫ

Уақыты: 05.03.2021
Оқылды: 1184
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданының тұрғындары көшедегі тәртіп пен жол қауіпсіздігі үшін Алматы облысының бас полицейіне алғыс айтты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев «Қадамдық қол жетімділіктегі полиция» қағидатын іске асыру мақсатында кезекті рет халықпен кездесу өткізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған онлайн кездесу барысында полиция басшысына Алматы облысымен қатар, Шығыс Қазақстан тұрғындары да сауалдарын жолдады.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың кейбірі облыстың бас полицейіне полиция қызметін жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтса, кейбірі қылмыстық істердің тергеу жұмыстарына шағымданды. Барлық мәселе бойынша генерал тиісті тапсырмалар беріп, өз бақылауына алды.

Бұған дейін берілген тапсырмалардың оң нәтижелерін көрген тұрғындар полиция қызметкерлерінің еңбегіне жеміс тілеп, нәтиже білдірді. «Аyashqa» есімді әлеуметтік желіні пайдаланушы: «Қаскелеңнің патрульдеріне, бастықтарына алғысымыз шексіз! Солардың арқасында ешқандай кептеліс жоқ», - деген жазба қалдырып, тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Өз кезегінде полиция департаменті тұрғындарды белсенді болуға және қоғамдағы құқықбұзушылықтармен бірлесіп күресуге шақырады. Облыстағы белсенді блогерлер бас полицей Серік Күдебаевпен әлеуметтік желіде тығыз қарым-қатынас орнатып, көп мәселелерді шешуге ұйытқы болып отырғанын айта кеткен жөн.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"