Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҚАПШАҒАЙДАҒЫ ТҮРМЕГЕ ТЕЛЕФОН КІРГІЗБЕК БОЛДЫ

Уақыты: 07.03.2021
Оқылды: 348
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында түрме аумағында жұмыс істейтін кәсіпорын мекемеге 32 телефонды жасырын кіргізбек болды.

«Геценер О.В.» жеке кәсіпкерлігі – Қапшағайдағы ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінің аумағында жұмыс істейді, сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Аталмыш жеке кәсіпкерлікке арналған құрылыс материалдарын жеткізу кезінде кәсіпкер ағаш бұйымдардың арасына тыйым салынған заттарды тығып, оларды сотталғандарға өткізбек болды. Алайда режим бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Азат Сыдықовтың қырағылығының арқасында және «Лорнет» металл іздегішінің көмегімен тексеру кезінде 32 ұялы телефон, 30 қуаттағыш және 16 құлаққап табылды. «Аталған факті бойынша мекемеге процессуалдық шешім қабылдау үшін Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақыртылды», - деп атап өтті мекеме бастығы Руслан Ғабибов.

"ҚАЗАҚПАРАТ"