КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҚЫЗМЕТІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 06.04.2021
Оқылды: 1416
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғалары тарапынан қызмет түрлерін жүзеге асыруға қатысты өтініштердің бірнеше рет түсуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» алаңында квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғаларының қатысуымен кеңес өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жиналыста департаменттің нұсқамасына сәйкес Алматы облысын дамыту бойынша "Алатау" АҚ-ның техникалық қадағалауды жүзеге асыру қызметін тоқтату туралы мәселелер қозғалды.

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғалары қызметінің түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісу рәсіміне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен таныстырылды. Сонымен қатар, департамент басшысы Ермек Камелев «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесіне, Алматы облысы бойынша қандай квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғалары енгендігін атап өтті.

Департамент басшысы барлық сұрақтарға толық жауап берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"