ҚАПШАҒАЙДА ПРОБАЦИЯ БАҚЫЛАУЫНАН ЖАСЫРЫНҒАН СОТТАЛУШЫ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 08.04.2021
Оқылды: 746
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Пробация қызметі гуманизм тетіктерін қолдана отырып, сотталған тұлғамен танысу барысында тәрбиешінің өзіндік рөлін орындайды. Он бес күн өткеннен кейін сот үкімі заңды күшіне енгендіктен және азаматқа бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындалғандықтан, ол біздің бөлімге келеді.

Содан кейін пробация қызметінің инспекторлары сотталушыны бақылау есебіне тіркейді, соттылығы туралы барлық мәліметтерді республикалық  мәліметтер базасына енгізеді, онымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, оның міндеттерді орындауы тиіс баптарды түсіндіреді. Түсіндіруден басқа, тұрақты жұмыстың болуы, отбасы, достары туралы ақпараттарды пробация қызметі нақтылайды.

Егерде тұрақты табысы болмаса, оны одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту бөліміне жолдап, жұмысқа түбегейлі орналасуына әрекет жасайды.

Әрі қарай пробация қызмет атқаратын нұсқаулыққа сәйкес, айына кемінде бір рет пробация қызметіне келу кестесін әзірлейді, онда есепте тұрған сотталған пробация қызметіне келіп, өзінің тәртібі, не істегені, жасалған әкімшілік және құқықбұзушылықтар туралы, тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқуын өзгерткендігі туралы толық мәлімет береді. Ай сайын пробациялық бақылауда болудан басқа, есепте тұрған сотталғандардың үйлеріне тексеру жұмыстары жүргізіледі, онда туыстарымен және достарымен  сұқбаттар  ұйымдастырылады.

Пробация қызметінің бақылау есебінде тұрған сотталғандарға түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетуге тиым салынады.

Қапшағай қаласының пробация қызметінің бақылауынан жасырынған сотталушылар бар. Олар өздерінің орналасқан жері туралы хабарламаған, өздерінің міндеттерін орындамай, бақылаудан қасақана жалтарғандар. Мұндай тұлғаларға қатысты Қапшағай қалалық сотының қаулысымен іздестіру жарияланған.

Осылайша, полиция бөлімі пробация бөлімімен бақылаудан жасырынған «С» сотталушыны ұстаған, қазіргі таңда сотталған адам қамауға алынып, Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына этаппен жолданды. Оған қатысты жергілікті сотқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Ботагөз ЖЕТМЕКОВА,

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қапшағай қалалық пробация қызметінің бөлім бастығы, майор