ЖҮЗ МЕТРГЕ ДЕЙІН ҰШҚАН: ҚАПШАҒАЙ МАҢЫНДА ТАҒЫ БІР ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

Уақыты: 17.09.2021
Оқылды: 2016
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы-Қапшағай тас жолында кісі өліміне әкеп соққан жол апаты болды.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, Қапшағай қаласына қарай солтүстік бағытта тас жол бойымен келе жатқан Opel Calibra көлігі ер адамды қағып кеткен. Opel жүргізушісінің айтуынша, қараңғыда ер адам кенеттен жолға атып шыққан. Жолдың бұл бөлігінде жарық жоқ болған. Жүргізуші қандай да бір әрекет жасап үлгермей, ер адамды қаққан. Қатты соққы салдарынан ол жүз метрге ұшып түскен. Жүргізуші 250 метрдей жүріп өткен соң тоқтаған.

Жүргізуші кейін түсіндіріп өткендей, қатты қорқып, көзін жұмып, ақырындап тоқтай бастаған. Полицияға жүргізушінің өзі хабарласқан, кейінірек оқиға орнына тоқтаған такси жүргізушісі мерт болған адамды Алматы қаласынан шыға берісте тұрған жерінен көргенін айтты.

Ол такси ұстап тұрыпты, бірақ оны ешкім алғысы келмепті. Айналасында ешқандай елді-мекен жоқ тас жолға оның қалай тап болғаны белгісіз, бұл маңда тек қоқыс төгетін орын ғана бар.

Оқиға орнына Алматы облысының анықтаушысы келді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, іс тергелуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"