МҮМКІНДІК МОЛАЯДЫ

Уақыты: 25.08.2017
Оқылды: 1218
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Үкіметі бюджет заңнамасын жетілдіру туралы заң жо­басын мақұлдады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Ба­қытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен селек­тор­лық кеңесте белгілі болды. Сондай-ақ, жиында жаңа Кеден ко­дексінің Қазақстанға транзиттік және экспорттық әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні айтылды.

Селекторлық тәртіпте өткен жиында «Кедендік реттеу тура­лы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобалары, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне бюджет заң­намасын жетілдіру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен то­лы­қтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы талқыланды. Соны­мен бірге Мемлекет басшы­сының ай­мақтарды әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамыту мен мем­лекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша берген тапсыр­маларын орындау мәселелері пысықталды. Осыған байла­нысты негізгі баян­даманы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жа­сады. Онда белгілі болғандай, соңғы үш жыл ішінде Еуразиялық комиссия алаңында ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексін қалып­тастыру бойынша ауқымды жұ­мыс­тар жүргізілген. Ол қазір ра­тификациялау рәсімінен өткізіліп жатқан көрінеді.

Жаңа Кеден кодексінің қол­да­ныстағы кеден заңнамасынан басты айырмашылығы – кеден­дік реттеудің жаңа тәсілі болып табылады. Жаңа реттеудің негіз­гі қағидасы – кеденде бизнес үде­рістерді автоматтандыру. Ақ­па­раттық технологияларға ба­сым­дық беруден өзге Кодексте сырт­қы экономикалық қызмет қаты­су­шылары үшін өздерінің шы­ғын­дарын оңтайландыруға жол аша­тын бірқатар мүмкіндік пайда болған. Инвесторларға кедендік декларацияны тапсыр­ғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндіктері кеңейтілген. Бұдан өзге, ҚР Кеден кодексінің бір­қатар ережесі ҚР Салық кодек­сінің процестерімен үйлес­тірілген. Бұл кеден бажын, салық­тарды есепке алу, есептеу (қай­тару) бойынша ережелерге, соны­мен қатар берешекті өндіріп алу және бұзушылықтарды жою мен тексеріс нәтижелері туралы хабар­ламаларға шағым түсіру ере­желеріне қатысты болмақ.

Жаңа Кодекспен бір уақытта оған ілеспелі заң жобасы әзір­лен­ген, ол бірқатар Кодекс пен заң­дар­ға өзгерістер енгізуді қарас­тыр­мақ. Сондай-ақ, тауарларды жоюдың кедендік рәсіміне орна­лас­тырған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптаманы беру тұрғысынан ҚР Экологиялық кодек­­сіне өзгерістер, бюджеттік ко­декске аванстық төлемдер нор­маларын реттеу бойынша түзе­ту­лер, бұған қоса, көлік бақылау функцияларын өткізу, тағы басқа да бірқатар заңдарға түзетулер енгізіліп жатқан көрінеді. «ҚР кей­бір заңнамалық актілеріне бюд­жет заңнамасын жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заң жоба­сы Мемлекет басшысының 31 қаңтардағы Қазақстан хал­қына Жолдауында берген тапсыр­ма­ларын, Ұлттық қорды  пайда­ла­нудың жаңа тұжырымдамасын, сондай-ақ Парламент және есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында әзірленіпті.

Заң жобасымен бюджет заң­намасына алты негізгі бағыт бойын­ша түзетулер ұсынылуда. Бұл орталық және жергілікті дең­гейдегі 1,5 мыңнан астам құжатты қысқартуға мүмкіндік бермек. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде әкімшінің дербес­тігін кеңейту аясында бюджетті нақтылаусыз бюджеттік жобалар арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру, МЖӘ жоба­ла­рын жобалау рәсімдерін жеңіл­дету мақсатында барлық үдерісті бестен үш кезеңге дейін қысқарту ұсынылған. Бұл МЖӘ жобаларын әзірлеу мерзімдерін жеті айдан үш айға дейін қысқартуға жағдай туғызбақ. Жаңашылдықтардың бірі «бағдарламалық МЖӘ» ен­гізу болып отыр – жеке серіктесті іріктеу мен жобаларды іске асы­ру­дың барлық рәсімі қосымша са­рап­тама жүргізусіз мем­ле­кеттік және үкіметтік бағдар­лама­лар­дағы әр сала үшін жеңіл­детілген фор­мада жазылмақ. Сондай-ақ, бюд­жет үдерісін жетілдірудің  бас­қа да мәсе­лелері қаралған. Жалпы, ұсы­нылған түзетулер бюджет қара­жатын экономикаға жылдамырақ жеткізуге, сома­лар­дың игеріл­меуін азайтуға, МЖӘ жоба­лары­ның санын көбейтуге, сонымен бірге  мемлекеттік орган­дардың жауапкершілігін арттыру­ға сеп­тігін тигізбек.

Жиын соңында ой қорытқан Бақытжан Әбдірұлы айтылған барлық мәселені пысықтап, қа­жет­­ті өзгерістер енгізуді міндет­теді. Сондай-ақ, Мемлекет бас­шы­сы жүктеген міндеттерді іске асыру бойынша жауапты мемле­кеттік органдарға және әкімдік­терге тапсырма бере отырып, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағ­дар­­ламасы бойынша қара­жат­тарды игеру мәселесін тұрақты бақы­лауға алуды, әсіресе білім беру нысан­дарына ерекше көңіл бөлуді тап­сырды. Осыған орай, Ұлттық эко­номика министрлігіне ай сайын нысандардың уақы­тылы өткізі­луіне мониторинг жүргізіп, Үкімет­ке ақпарат беру қажеттігін назар­ға салды. Бұдан өзге, мәдениет, спорт, білім және ғылым, ақпарат және ком­муни­кациялар, дін істері және азамат­тық қоғам, қаржы министр­ліктеріне, өңірлердің әкім­деріне «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында жобалардың уақытылы орындалуына ерекше көңіл бөлу керектігін жүктеді.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ.